Атты тур. Жазғы-күзгі маусым аяқталды (ФОТО)

2864

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Kazakh Tourism» ҰК » АҚ және AT-TRAVEL.KZ клубының қолдауымен ұйымдастырылған Нұр-Сұлтан-Қорғалжың бағытындағы екі күндік сапар аяқталды.

Бұл атты турға қатысушы AT-TRAVEL.KZ клубының жазғы-күзгі маусымын аяқтаған соңғы сапар болды.

Естеріңізде болса, бұған дейін екі күндік сапардың алғашқы күні туралы жазған болатынбыз.

Сонымен ат күзетінде, атқора алдында машинада болдық. Түнгі сағат 23 кезінде атқораға әлдекім келді. «Ерін алмай ат тыңаймас, етігін шешпей ер тыңаймас» дегенді жақсы білеміз, аяқ киімімізді шешіп қойған едік, кие салып артынан біз де кірдік. Атқораның иесі – Нұржан екен.

Ел ағасы жасқа таяп қалған Нұржан осында 40 бие сауып, күн сайын Нұр-Сұлтан қаласына апарып 90-100 литрге дейін қымыз сатады екен. Қарамағында 6-7 қызметкері бар, шағын кәсіпкердің айтуына қарағанда осы Кеңбидайықтың байырғы тұрғыны. Осы келгенде таңертең қалаға апаратын қымызды алуға келіпті.

Қымызын тиеуге көмектесіп, Нұрекеңді жолға салдық та, машинаға қайта беттедік.

Таңғы сағат бесте жігіттер демалып жатқан орынға келдік. Біз келгенде Кеңбидайық орта мектебінің директоры Егінбай Қалдыбаев ағамыз таңғы асты дайындатып қойған екен. Тамақтанып, бірден жолға жиналдық.

IMG_20190921_072224.jpg

Біз атқа мініп оңтүстік-батысты бетке алғанда төбемізден тізіле ұшқан қайтқан қазды байқадық.

IMG_20190920_122510.jpg

«Осымен құс базары басталды» — деді осы өлкеде бұған дейін де бірнеше жыл қызмет еткен «Қазақстандағы жабайы табиғатты сақтау» қоғамдық қорының президенті Орынбасар Шаймұханбетов.

Расымен Қорғалжыңға жақындаған сайын құс базары қайнай түсті. Жан-жағың сабылысқан құс, төбеңде қиқулаған құс, көз ұшында топтаса сымпылдаған құс.

WhatsApp Image 2019-09-23 at 12.00.13.jpeg

Қорғалжың ауданын оңтүстікте бес көл ауқымдап жатыр. Сырттай «Бес Шалқар» атанғанымен олардың әр қайсысының жеке-жеке атауы бар. «Шолақшалқар», «Жәнібекшалқар», «Шишалқар», «Жыландышалқар», «Ұялышалқар» дегендей. Біз Бес Шалқарды жағалап, Арықты ауылының оң жағымен, Садырбайға бет алдық.

Садырбайдың жазығында Бақытжан Жүнісов бір түлкі соғып алды. Өзі де кәнігі атбегі, сері, ұлттық спорт түрлерінің барлығынан чемпион атанған епті жігіт ат үстінде отырып-ақ қашқан түлкіні құйрығынан ұстап, жерге бір соқты да, қанжығаға байлай салды.

«Қасқырды тірідей қолмен ұстаған апайтөс үшін түлкі деген не, тәйірі» – деп қалжыңдастық.

Бұл сапарда да азық-түлікті, жатар орынға керекті заттарды машинамен алып жүрдік. Біз Садырбайға жеткенде машинамен жүрген экспедиция мүшелері Аққулы көлінің жағасында орналасқан көне қала – Хасенқұлақтың жұртында бізді күтіп отырғандарын айтты.

Осында Қорғалжыңнан арнайы алдымыздан шығып, қарсы алған танымал атбегі, Қорғалжың ауданындағы белгілі кәсіпкер жігіттердің бірі Ербол Балтабеков болды.

WhatsApp Image 2019-09-23 at 12.00.32.jpeg

Түскі ас ішіп, аудан орталығына қарай бет алдық. Ербол аудан орталығында халық жиналып, бізді күтіп отырғанын жеткізді.

71565859_235578957405371_4146769329192435712_n.jpg

Расында да аудан тұрғындары бізді күтіп отыр екен. Тіпті аудан өнерпаздарының шағын концертін де ұйымдастырыпты.

70896934_235578674072066_8232943511721213952_n.jpg

Келген меймандарға аудан халқы атынан әкім орынбасары Мадияр Амангелдинов алғысын айтып, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеп, ата жолын ұлықтаған азаматтарға ризашылығын білдірді.

ARM_8878.jpg

Мұнан соң AT-TRAVEL.KZ клубының жігіттері орталық саябақта ағаш отырғызып, биылғы атты турдың жазғы-күзгі маусымын аяқтады.

erzhan-zhaubaiЕржан Жаубай, argymaq.kz

Фото: Ерлан Құсайынов

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!