Еліміз көкпаршылары Әлем чемпионатына дайындықты бастады

3008

2019 жылғы 20-27 қараша аралығында Өзбекстанда көкпардан Әлем чемпионаты өтеді. Осы әлемдік бәсекеге Қазақстанның көкпардан ұлттық құрама командасы даярлықты қазірден бастады.

Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Жамбыл облысы, Меркі ауданында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жылдық күнтізбелік жоспар бойынша өтетін 18 күндік жалпы дене дайындығына арналған оқу-жаттығуға Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласынан барлығы 24 спортшы қатысады.

Атап айтқанда, оқу-жаттығу жиынына еліміздің үздік көкпаршылары –

Ынтымақ Әліпбаев (Атырау облысы),

Елдар Жиенқұлов (Атырау облысы),

Жасұлан Айтбай (Атырау облысы),

Ұлан Байтөреев (Маңғыстау облысы),

Әбуғали Әбдіжаппаров (Маңғыстау облысы),

Бақытжан Әзімбай –  (Маңғыстау облысы),

Нұржігіт Мырзабаев – (Түркістан облысы),

Бәйдібек Сабыров (Түркістан облысы),

Әділет Мамыт (Түркістан облысы),

Темірхан Айтбаев (Түркістан облысы),

Абылайхан Нышанбеков (Түркістан облысы),

Дәулет Айтан (Түркістан облысы),

Асыланбек Сайдулла (Түркістан облысы),

Мейірбек Болысбек (Түркістан облысы),

Бақтыбай Шырынқұлов (Түркістан облысы)

Құрманбек Тұрғанбек (Жамбыл облысы),

Бағлан Шырынбаев (Жамбыл облысы),

Есжан Құрманбай (Жамбыл облысы),

Манарбек Дүйсенбиев (Жамбыл облысы),

Құлажан Тоғайбаев (Жамбыл облысы),

Болатбек Әлімбетов (Жамбыл облысы),

Наурызқожа Әмзеев (Қызылорда облысы),

Нұрлыбек Асқаров (Қызылорда облысы),

 Арслан Қабжанов – (Нұр-Сұлтан қаласы) қатарлы теміртақым жігіттер қатысуда.

Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы – Қуанышбек Құрамаев. Оқу-жаттығу 22 қазанда аяқталады.

Еске сала кетейік, Қазақстанның ұлттық құрама командасы бұған дейін  көкпардан І Азия чемпионатының (2013 жылы) және І Әлем чемпионатының (2017 жылы) жеңімпазы атанған болатын.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!