Қазақстанда таза қанды бие ұстайтындардың назарына!

5165

Қазақстан Республикасының «Республикалық зауыттық жылқылар тұқымы палатасы» асыл тұқымды бие малданушыларға ескерту жасайды.

«ҚР асылтұқымды жылқылар кітабы назарларыңызға Қазақстанның өндіруші айғырларының тізімін ұсынады. Сізден шағылыстыру үшін айғырларды іріктеу кезінде осы тізімді басшылыққа алуды сұраймыз, өйткені оған тексерілген, дұрыс рәсімделген құжаттары бар және ҚР аумағына заңды әкелінген жылқылар енгізілген. Демек, бұл өндірушілер тараған құлындар паспортты тиісті тәртіппен ала алады» — делінген хабарламада.

Сондай-ақ олар егер бие осы тізімдегі айғырлардың қайсыбірінен тоқтамаған болса (шағылыспаған болса), одан кейінгі мәселеге жылқы иесі өзі жауап беретінін ескертеді.

tazaqandy

«Жоғарыдағы тізімде көрсетілген айғырлардың иелері айғырлардың өлі не тірі екенін немесе Қазақстаннан басқа жаққа әкетілген әкетілмегені туралы ҚР асыл тұқымды университетіне хабарлауды сұраймыз. Барлық сұрақтар бойынша Палата инспекторы Сухоруков Александрға хабарласуға болады. Телефон номері — 87074212244″ — деп хабарлады мамандар.

argymaq.kz

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!