Argymaq.kz Мәдениет министрінің «Алғыс хатымен» марапатталды

3312

Қазақ жылқысына арналған тұңғыш ұлттық-танымдық порталы Argymaq.kz Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың «Алғыс хатымен» марапатталды.

2014 жылы мамырда құрылып, күні бүгінге дейін тоқтаусыз жұмыс істеп келе жатқан порталға биыл 5 жыл толды. 2017 жылы Ұлттық спорт қауымдастығының «Алтын тұғыр» сыйлығына ие болса, 2018 жылы Елбасы қоры ұйымдастырған «Ең үздік қазақ тілді сайт» номинациясын жеңіп алды.

Бес жылдың ішінде сайтқа қазақ жылқысына қатысты түрлі танымдық мақалалар, ат баптауға, жылқы ауруларына қатысты зерттеулер жарияланып келді. Сонымен қатар осы жылдар ішінде жылқытанушы ғалымдардың еңбектері, сұқбаттар, әйгілі тұлпарлардың тарихы да сайт бетінен орын алды.

Мұнан бөлек, соңғы жылдары елімізде өтіп жатқан ат спортына қатысты барлық сайыстар Argymaq.kz порталынан тұрақты беріліп келді.

Жылқы мінізді қазақтың жылқысы жайлы жазатын сайт бүгінде жылқы сүйер қауымның сүйікті порталына айналып үлгерді. Өз оқырманы мен авторлары қалыптасты.

Argymaq.kz сайтында қазақ халқының жылқыға қатысты өлең-жырлары, әні мен күйі, көркем әңгімесі де үнемі шығып тұрады.

Algys hat2

Осы еңбекті ескерген Мәдениет және спорт министрлігі арнайы «Алғыс хатпен» марапаттады. Бұл 5 жылдағы алғашқы жетістігіміз екенін айта кеткен абзал.

Құрметті оқырман, бұл ең әуелі сіздердің арқаларыңыз. Өздеріңіз секілді оқырман мен авторларымыз барда қазақ жылқысы жайлы жазарымыз таусылмасы анық!

Жаңа жыл құтты болсын!

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!