Күнтізбелік жоспар. Аламаннан Азия чемпионаты өтеді

3293

Ұлттық спорт қауымдастығының 2020 жылы елімізде, халықаралық және әлемдік деңгейде өтетін сайыстардың Күнтізбелік жоспары жарияланды.

Жоспар бойынша биылғы жылы елімізде де, халықаралық деңгейде де бірқатар сайыс өтетінін байқадық.

Оңтүстік Кореяда, Украина мен Моңғолияда, Өзбекстан мен Түркияда, Оңтүстік Африка мен Францияда, Румыния мен Қатарда өтетін сайыстардың орны бөлек.

Биылғы жылдың басты сайыстарына тоқталар болсақ, әрине, Түркияда қыркүйек айында өтетін «Дүниежүзі көшпенділер ойындарның» бәсі биік. Сонымен қатар, наурызда Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін көкпардан ІІ Әлем чемпионатының да өзіндік ерекшелігі бар.

Ал биылғы жылы еліміздегі ең басты оқиға – күзде Алматыда өтетін аламан бәйгеден Азия чемпионаты. Бұл бұрын-соңды болмаған оқиға. Азия даласын мекендеген көшпенділердің құйма тұяқ, қыл құйрықтарының сынға түсер сәті келді. Барлығымызға сол күнге жетуді нәсіп етсін! Аламаннан Азия чемпионаты жайлы алдағы уақытта толығырақ тоқталатын боламыз.

Әзірге биылғы жылдың жарыс кестесімен танысыңыздар.

Күнтізбелік жоспар Көшіріп алу ⇓

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!