«Арғымақ атқа көп міндім – садаға кетсін буданнан…» (суреттер)

14982

Шалкиіз жыраудың осы бір ауыз сөзін бүгінгі аламан дәлелдегендей болды. Аламанға ат арнап, алты алашқа «Дат!» арнап, Сарыарқаның төсінде, сары күздің кешінде, Астананың жанында, ағайынның алдында көргенге көз қуаныш, естігенге сөз қуаныш болған Аламан өтті дүрілдеп!
Көкірегінде көшпелілер рухы іркілдеп, тамырында қазақтың қаны бүлкілдеп, кеудесінде азаткер жүрек үлпілдеп тұрған талай қандасымыз Қаракерей Қабанбайдың аруағы аунаған қарауыл төбенің басына ағылды.
Алты ай бұрын сауын айтылып, Алатау мен Арқаны, Атырау мен Алтайды аламанға шақырған Астана барын алдыға тосты. «Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басында шабасың ба?» дегендей Тәуелсіз еліміз тарихында тұңғыш рет өткен Республикалық деңгейдегі «Алтын тұлпар» бәйгесі аяқталды.
160 ат қосылып, бас бәйгеге 10 миллион теңге тігіледі деп көзделген ұлы дүбір, ұран бәйгеде жетпістей жүйрік жер танабын қуырды. 43 шақырым – бір кездегі Құлагер шапқан қашықтыққа жіберілген өңшең саңылақтар «шеттен келген шиаяқтардан» іріктелеліп, нағыз қазақы тұлпардың шыдамы мен төзімін, өзінің туған даласында өзі үстемдік құруына қол жеткізу болатын. Бұл мақсат орындалды. Енесі қазақы қазанат, әкесі ағылшын тұқымынан шыққан Бақторы есімді сәйгүлік дара келді аламанда. Қарағанды облысы, Шет ауданынан келген Бақторының бапкері Аманкелді Думан.
ҚР Мәдениет және Спрот министрлігі, «Нұр Отан» партиясы, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен Аламанның бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, ал бас ақпараттық демеуші – «Қазақстан» РТРК.
«Алтын тұлпар» бәйгесі аясында «Ат тағалаудан» және «Ат сыншылығынан» сайыстар өтті.

Арғымақ порталы

5 comments

  1. Биылғы «Алтын тұлпарда» «Жаннұр» атты бедеу бас бәйге алды (фото) — Арғымақ Ұлттық танымдық порталы 9 Тамыз, 2021 at 10:53 Ответить

    […] 2014 жылы «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен аламан бәйге биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. Дала төсін дүбірлеткен думанды дода алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғаса беретін болады. […]

Добавить комментарий для Kasqa Отменить ответ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!