Атбегілердің ауа-райын болжау тәсілі

9015

Жүйріктің терін алу үшін атбегілер ауа-райын болжап, білуі өте қажет. Өйткені, жүйріктің терін алу барысында кейде жауын-шашынды, кейде ыстық күндер қажет болады. Ерте уақытта қазіргідей ауа райын дәл болжайтын мүмкіндік болмағандықтан атбегілер өзінің айналасында болып жатқан табиғи және тұрмыстық құбылыстарға қарап келер күннің райын анықтайтын болған.
Мысалы:
1. Сиыр малы таңертең өріске шығарда мөңіреп кетпей кешіксе;
2. Сиырлар бұзау байлаған желінің маңынан ұзамай сүзіссе;
3. Жылқы малы дүркін-дүркін пысқыра берсе;
4. Бота-тайлақ ойнақтаса;
5. Түйе жыра-жылғаны паналап шөгіп жатса;
6. Інген ботасынан ұзамай боздай берсе;
7. Қорадағы қой-ешкі таңертең желге қарсы қарап жатса;
8. Дала тышқаны інінің аузына көп топырақ үйсе;
9. Бал арасы омартадан алыс кетпей айналсоқтап ұшса;
10. Мысық босағаны тырналап мазаланса;
11. Тауық биікке қонақтаса;
12. Қаз-үйректер қиқулап мазасызданса;
13. Шаян судан шығып жағада ұзақ жатса;
14. Жауынқұрты жердің бетіне ашық шықса,
Ауарайы жауынды-шашынды болатынын білдіреді.

1. Ешкі малы өрісте ашық қыратты қуалап жайылса;
2. Бие бауда құлындар кісінеп, жылқылар үйездесе;
3. Інген ботасын тастап өріске тез кетсе;
4. Қой-ешкі уақытынан бұрын қорадан өрсе;
5. Өрістегі малдар алаңсыз, еркін жайылса;
6. Ит керіліп-созылып жайланып жатса;
7. Мысық бұйығып ұйықтаса;
8. Өрмекші жаңадан өрмек тоқыса;
9. Көбелек гүлге қонбай ұшса;
10. Шегіртке күн батарда ұзақ шырылдаса;
11. Маса топтанса;
12. Құмырсқа илеуінің көзін ашып тастаса;
13. Құрбақа судан шықпай қойса;
14. Кешке күн қызарып батса;
Күн ашық, жайлы болатынын білдіреді.

Бекен Қайратұлының, «Қазақтың атбегілік өнері» кітабынан алынды

1 comment

Добавить комментарий для flokinFab Отменить ответ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!