Жабағы таңбалау (ФОТО)

7044

Назарларыңызға Моңғолияда тұратын қандасымыз, әуесқой фотограф Жәнімханханұлы Мерғалымның «Жабағы таңбалау» атты топтамасын ұсынамыз.

tanba91

Мерғалым 1983 жылы мамырдың 17-сінде Баян-Өлгий аймағы, Алтай ауылында дүниеге келген. 1990 жылы аталған ауылдың мектеп табалдырығын аттап, 2000 жылы 10-сынып бітіріп, 2001 жылы атажұрт Қазақстанға оқу мақсатымен келіп, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Сарепта селолық Дзержинск орта мектебінің 11-сыныбына қабылданады.

2001 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, грант иегері атанады. Университеттің Физика факультетін «Физика және информатика оқытушысы» мамандығымен бітіреді.

Алғаш жұмыс орнын Абай ауданы Қойбас, Дзержинск орта мектебінде мұғалім болып бастап, кейін Астана қалалық Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде іс қызметін жалғастырып, информатикадан сабақ береді.

2008 жылдан туған жері Алтайға оралып, бүгінгі күнге дейін Алтай Толық орта мектебінде физика және информатикадан мұғалімдік қызметін табысты атқарып келеді.

Алғаш 2000 жылдары пленкалы фотоаппаратпен суретке түсіре бастаған.

2006 жылы әуесқойлар қатарына қосылады.

Хоббиі: Серуендеу, тауға шығу, атқа міну.

Фото саласы: табиғат көріністерін, аламан бәйгелерді суретке түсіру.

2016 жылы Моңғолияда өткен «Қызықты фотолар» байқауында 2-ші орын иеленіп, арнайы сыйлықтармен марапатталған.

Моңғолия Фотографтар қоғамының мүшесі.

argymaq.kz

1 comment

Добавить комментарий для Моңғолиялық жас қазақ Мейрамбек Тәшкенұлы түсірген суреттер (ФОТО) — Арғымақ Ұлттық танымдық порталы Отменить ответ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!