Тоқтарәлі ТАҢЖАРЫҚ. Жылқылар

10485

Олар шұрқырап сұп-сұры тұманнан шығатын,
Қайтадан кіретін сұп-сұры тұманға.
Дүбірден дүниенің жүрегі дүрсілдеп тұратын,
Жаңғырып бейуақ кіл аңғар…

Қолымызға құрық ап құла дүзден іздейміз,
Іздейміз оларды –
Көшпенді жылқысын.
Құла ма, қоңыр ма, қылаң ба… білмейміз,
Біз үшін беймәлім түр-түсі.

Бізді де солардай барады жеміріп,
Уақыт пен қара жол –
Ирелеңдеген қос жылан!
Жалы мен құйрығы сусылдап, төгіліп,
Бұл күнде олар тек түсімде осқырар.

…Іңірде жатқан бір жандайын есінеп,
Тарихым ұмытқан олардың тұяғын.
Мен оны мінемін далалар төсінде,
Иә, бұл кәдімгі ақынның қиялы.

…Енді үнсіз отырмын
Сағыныш сарғалдақтарын бүрлетіп санада,
жусаны бұрқырап
көктем ғой бұл мезгіл құлпырар.
Құлазу кейпіндегі
мендік бұл қасіретті білмейді тағы олар,
Кісінегім келеді бейуақ…
Шұрқырап…
…Қайда сол үйірлі жылқылар?!

919118_592025830875994_542766134_oТоқтарәлі Таңжарық

(Тақырыпқа орай Жеңіс Кәкенұлының «Нөсермен жарысқандар» картинасы пайдаланылды. http://www.kakenuly.kz/2012/10/nosermen-zharysqandar/)

1 comment

Добавить комментарий для Мықтыбек Оразтайұлы Отменить ответ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!