Ел чемпионаты. ШҚО Нұр-Сұлтанды ұтты

2536

Әйгілі Әулие-ата жерінде байрағын көтерген ересектер арасындағы Ұлттық спорттан ел чемпионатының топтық кезеңдегі екінші ойыны Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» көкпар командасы мен ШҚО-дан келген құрама арасында өтті.

Талас Алатауының бір саласында қарт Тараздың қапталында өтіп жатқан дүбірлі доданың екінші ойынына шыққан додапаздар да осал болмады. Ендеше әуелі балуандармен танысып алайық.

«Астана» құрамасы:

 1-номерде: Қазыбек Амангелдинов, мінген аты – Жирен

2-номерде: Азамат Хасенов – Заңғар KZ

3-номерде: Нұрболат Қартқожақ – Ұлар

4-номерде: Владимир Киль – Асар

5-номерде: Серікбол Айболұлы – Қарасай

6-номерде: Шадияр Құлымбет – Сәнқой

7-номерде: Ерлан Қанапин – Бурабай

8-номерде: Аслан Қабжанов – Заңғар

9-номерде: Данияр Оспанов – Нұркөк

10-номерде: Әлижан Хаттабосынов – Орлик

11-номерде: Елжас Есенгелді – Алмаз

12-номерде: Елдос Байғазиев – Сусамыр

 ШҚО құрамасы:

1-номерде: Артур Бикинин, мінген аты – Бесқасқа

2-номерде: Жақсылық Амалбеков – Араб

3-номерде: Тимур Ендоянов – Жирен

4-номерде: Әлішер Ермаханбетов – Абрек

5-номерде:  Дарын Ахмадиев  – Бүркіт

6-номерде: Дархан Камалиев – Найза

7-номерде: Қанат Жайжатыров – Гром

8-номерде: Жарқын Жанбуршин – Жұлдыз

9-номерде: Мақсат Аринов – Месси

10-номерде: Досым Мусин  – Көкқасқа

11-номерде: Елдос Абсалямов – Еркежирен

12-номерде: Ерқайрат Беткенов – Дауыл

Екі бөлімнен тұратын додада ШҚО ойыншылары басымдығын аңғартты. 10 минуттық үзіліске дейін шығыстың жігіттері есепті 3:2-ге жеткізді.

Дегенмен екі команданың арасындағы ойынның ерекше тартыспен өткенін айта кеткен жөн. Ойынның екінші бөлімінде есеп – 3:3 болып, «Астана» есепті теңестірді. Төрешілер қосымша уақыт берді. Қай команданың бағы басым түсерін болжаған көрермендер демдерін ішке тартып, күтті. Бас төрешенің шешімімен берілген 10 минутты екі команда да тиімді пайдалана білді. Бір біріне жеңістік бермеген додапаздар есепті 4:4-ке апарғанда айналадағы көрермендерді қойып, өзге командалардың ойыншылары да көруге ынтыға түсті.

Сонымен Нұр-Сұлтан қаласының «Астана» командасы мен ШҚО құрамасы арасындағы дода да аяқталды. Есеп – 5:4.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысының «Әлімата» командасы мен Түркістан облысынан келген «Құлагер» командасы арасында сайыс өткенін хабарлаған болатынбыз.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!