Ел чемпионаты. D тобынан Ақмола топ жарды

2493

Павлодар облысының «Сатты» командасы мен Ақмола облысының құрамасы кездесті. D тобында өнер көрсететін Павлодар облысының құрамасы кеше қарсылассыз қалып, ойынға бүгін араласты.

Сондықтан бұл команданың құрамын таныстыра кетуді жөн көрдік. Ал Ақмола облысының құрамасын кеше Қарағанды облысының «Достық» командасымен ойнаған кезінде таныстырған болатынбыз.

«Сатты» командасының құрамы:

1-номерде: Ержан Тосжанов, мінген аты — Еркеторы

2-номерде: Фархат Мухитов – Желторы

3-номерде: Ардақ Жақыпов – Айқасқа

4-номерде: Мадияр Бағлан – Айшуақ

5-номерде: Дархан Елібаев – Ақтанау

6-номерде: Төрехан Амангелді – Диқан

7-номерде: Құдайберген Тұрғынбаев – Лашын

8-номерде: Асылбек Бақберген – Нарқасқа

9-номерде: Мақсат Тайшыбаев – Хан

10-номерде: Айдар Бақытжанов – Ақбақай

11-номерде: Жасұлан Рустамбек – Шағыр

12-номерде: Айтмұхамет Қожанов — Нарын

Кешеден бері қарсыластарының қапысын бағып, аттары да, өздері де тың «Сатты» командасының жігіттері ә дегеннен қажырлы ойын көрсетті. Алайда Ақмола құрамасына тегеуірін таныта алмады. Ойынның алғашқы айналымында есеп 3:0 – ақмолалық жігіттердің пайдасымен аяқталды.

Екінші айналымда да павлодарлықтар есепті айтарлықтай өзгерте алмады. Есеп – 8:1. Ақмолалықтар бұл жолы да қарсыласынан басым түсті.

Салым салғандар:

«Сатты»: Мадияр Бағлан – 1 салым.

Ақмола облысының құрамасы: Манас Мұхамедқали – 1 салым, Аблайхан Тоқабаев – 2 салым, Әлихан Қалибаев – 3 салым, Бекзат Темірбек – 1 салым, Жандос Қалымтаев – 1 салым салды.

Топтық кездесуде Ақмола облысы, Қарағанды облысы және Павлодар облысының «Сатты» командалары бақ сынаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, көкпар ойынында топтық кездесудің үшінші күні, яғни ертең төмендегі кесте бойынша ойын өтеді.

Ақтөбе облысы – ШҚО 9.00 – 10.00

Түркістан облысы – Нұр-Сұлтан қаласы 10.00 – 11.00

БҚО – Маңғыстау облысы 11.00 – 12.00

Атырау облысы – Қызылорда облысы 12.00 – 13. 00

Алматы қаласы – СҚО 14.00 – 15.00

Қостанай облысы – Жамбыл облысы 15.00 – 16.00

Қарағанды облысы – Павлодар облысы 16.00 – 17.00

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!