Ел чемпионаты. Қостанай Алматы облысын 8-5 есебімен ұтты

2271

Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен Жамбыл облысы Тараз қаласының маңында Көкпар мен аударыспақтан ел чемпионаты өтіп жатыр.

ӨҚазіргі әлемдік ахуалды ескере отырып, көрерменсіз өтіп жатқан доданың алғашқы күні 12 команда бақ сынайды.

Бұған дейін Қарағанды облысының құрамасы батыстың жігіттерін айқын басымдықпен ұтқан болатын. Ал енді алаңға екінші жұп болып шыққан Алматы облысы құрама командасы мен Қостанай облысының құрамасы тартысты ойын көрсете білді.

Бір аттың өзі команда тағдырын шешіп кетуі мүмкін. Қостанайдың жігіттерінің дайындығы мықты екен. Бірақ, аттары дайын емес. Қазіргі уақытта ол жақта әлі қар, атты дайындай алмай қалған ғой. Оған түсіністікпен қарауға болады. Ал Алматының жігіттері үшін бұл ойын алдағы додаларға дайындық болуы керек. Менің ойымша екі команда да мықты, жақсы дайындықпен келген екен. Дегенмен Қостанай басым – дейді әйгілі көкпаршы Әбілхан Дауылбаев.

Сонымен, екі таймға созылған дода қостанайлықтардың пайдасына шешілді.

Ойынның екінші минутында есеп ашқан қостанайлық көкпаршы Асанов Бақдәулет – 1 салым, Дайыров Қобыланды – 3 салым және Сұлтан Оралхан – 4 салым салды.

Ал Алматы облысының көкпаршылары арасында Құралбаев Әділет – 3 салым салса, Тобажан Жанарыс бір, Мұғыжаров Бауыржан бір салым салды.

Сонымен Тараз төріндегі доданың екінші ойынында Қостанайдың құрамасы 8-5 есебімен Алматы облысының жігіттерінен басым түсті.

BAQ.KZ

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!