Ел чемпионаты. Түркістан құрамасы еркін басымдығын көрсетті

2233

Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен Тараз қаласының шетіндегі Бестөбе атшабарында өтіп жатқан Көкпар мен аударыспақтан ел чемпионаты жалғасуда.

Чемпионаттың бүгінгі кестесі бойынша алаңға шыққан төртінші жұп – Түркістан облысының құрама командасы «Құлагер» мен Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы.

«Жігітте де, жігіт бар, азаматы бір бөлек» дегендей, көкпаршыда да көкпаршы бар, тастақымы бір бөлек. Түркістан облысының командасы бұған дейін 9 рет ел чемпионы болған айтулы команда. Оның сыртында, өңірде күн сайын жаппай көкпар өтіп, жігіттер шыңдалған жер.

Дегенмен, СҚО-ның жігіттері де осал болмады. Алаң айналасындағы көкпар сүйер қауымнің көбі Түркістан құрамасы СҚО-ны «шайнамай жұтатынына» бәс тіккен болатын. Десе де, нәтиже ел ойлағандай болмай шықты.

Ойнның алғашқы таймының өзінде Қызылжардың құрыш білек ұлдары есепті 6-3 есебіне жеткізді. Әрине, ойын пайдасы түркістандықтардың қанжығасында болғанымен, тартысты ойынның нәтижесінде солтүстік жігіттері оңтүстіктегі қарсыластарының адымын аштырмады.

Алайда екінші таймда Түркістан облысының құрама командасы ойын тізгінін өз қолдарына алды.

Ойында есеп ашқан Түркістан облысының шабандозы Сейдулла Асланбек – 3, Жамалбеков Арман – 1, Асқаров Нұрлыбек – 3, Шекербеков Бекболат – 3 салым салса, Смаил Бекболат пен Сабыров Бәйдібек бір-ьір салымнан салды.

Ал Түркістанға тойтарыс бере білген СҚО командасы 4 салым салды. Салым иелері – Галинуров Данияр екі салым, Зайдуллин Алмас – 1 салым салды.

Осы ойында түркістандық танымал көкпаршы, көпшілікке «Қошқар» лақап атымен танымал  Темірхан Айтбаев өз шеңберіне бір салым салып жіберді. Әрине, ол салым, ойын ережесі бойынша СҚО қоржынына түскен болып есептелді.

Сонымен екі команда арасындағы тартысты ойында есеп – 12-4 болып, Түркістан құрамасы жеңіске жетті.

BAQ.KZ

1 comment

Добавить комментарий для Ел чемпионаты. Түркістан Қызылорда құрамасын ойсырата ұтты — Арғымақ Ұлттық танымдық порталы Отменить ответ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!