Ел чемпионаты. Бүгін бірінші лига ойындары өтеді

2232

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысы Тараз қаласы маңындағы Бестөбе атшабарында өтіп жатқан Көкпар мен аударыспақтан ел чемпионатының төртінші күні басталды.

Бүгін бірінші лиганың топтық ойындары өтеді. Онда өнер көрсететін командалар төмендегідей:

Қостанай облысы – Қарағанды облысы

Алматы қаласы — БҚО

Павлодар облысы – Маңғыстау облысы

Шымкент қаласы – Нұр-Сұлтан қаласы

Бұған дейін Қостанай облысы бір рет жеңсе, Қарағанды құрамасы екі жеңіске қол жеткізген. Ал Алматы қаласы мен БҚО құрамалары екі-екі жеңіліс тапқанын білеміз. Маңғыстау құрамасында бір жеңіс, бір жеңіліс болса, Павлодар ойыншыларының қоржынында жеңіс жоқ. Шымкент командасы бір рет жеңілген, ал осы чемпионатта жақсы ойын көрсетіп келе жатқан командалардың бірі — Нұр-Сұлтан құрамасы. Екі жеңісі бар.

Бүгінгі ойындардың ішінде бірінші жұптың тартысы қызық болады деген ойдамын. Алматы мен БҚО ойыншылары чемпионаттан жеңіссіз кетпеуге барын салатын болады. Ал көрермендер үшін ең қызық ойын — Нұр-Сұлтан мен Шымкент арасында өтеді деген болжамым бар. Астананың екі жеңісі бар. Ал Шымкентте әзірге жеңіс жоқ. Шымкент осы олқылықтың орнын толтыруға барын салады. Павлодар мен Маңғыстаудың ойынында Маңғыстау құрамасы басым түсуі мүмкін. Себебі ол құрамада өңшең ардагер ойыншылар деуге болады – дейді кәнігі көкпаршы Жаныс Саев.

Қазір алғашқы ойын Қарағанды облысы құрамасы мен Қостанай құрамасы арасында тартыс өтіп жатыр.

BAQ.KZ

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!