Ел чемпионаты. БҚО құрамасы бүгін де жеңілді

2038

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Көкпар мен аударыспақтан өтіп жатқан ел чемпионаты жалғасып жатыр.

Тараз қаласы маңындағы Бестөбе атшабарында жалауын желбіреткен чемпионаттың бірінші лигасындағы іріктеу ойындар жалғасуда. Бүгінгі алаңға шыққан екінші жұп – Алматы қаласы мен БҚО құрамасы аса тартысты ойын көрсете алмады.

Ойынның алғашқы айналымында есепті 7:0-ге жеткізген алматылықтар, екінші айналымда да алаң тізгінін қолдан бермеді.

Команда құрамымен таныстырар болсақ;

БҚО құрамасы

Ғазезов Жаңаділ
Рсалиев Сұңғат
Бақытов Қуанышқали
Жеңісов Мағжан
Сарсенов Ақтілек
Куненов Айболат
Космагулов Кайнар
Кабидуллиев Данияр
Бержанов Заманбек
Түймешов Жұбаныш
Темірбеков Рахметолла

Алматы қаласының құрамасы

Қанат Марлен
Азатбек Думан
Тоқбаев Нұржан
Жұмашев Тахир
Абсаметов Ақтілек
Бақтыбай Шыңғыс
Камилов Сұлтан
Ерғали Бағжан
Шарқабаев Азамат
Жексенбаев Санжар
Құдайберген Еркебұлан
Әлімбаев Шыңғыс

Сонымен бірінші лиганың «А» тобында ойын көрсеткен қос команданың нәтижесі төмендегідей.

Ойын бастала салып, бір минутқа жетпес уақытта салым салған Алматы қаласы құрама командасының шабандозы Құдайберген Еркебұлан – 5 салым, Абсаметов Ақтілек екі салым салса, Азатбек Думан, Қанат Марлен, Жұмашев Тахир, Бақтыбаев Шыңғыс және Камилов Сұлтандар бір-бір салым салды. Сонымен қатар, ойынның соңғы 37, 38, 39 минуттарында қатарынан үш салымды осы команданың белді ойыншысы Шарқабаев Азамат салды.

Ал чемпионат тарихында БҚО-ны 0-ден құтқарған ойынша – Ырысалиев Сұңғат. Ол ойынның екінші айналымында, нақтырақ айтсақ 29-минутта бір салым салып, өз командасына осы жарыстағы алғашқы салымын сыйлады.

Естеріңізде болса, бұған дейін БҚО құрамасы Қарағанды облысы құрамасынан 14:0, Алматы облысының құрамасынан 6:0 болып жеңілген болатын.

BAQ.KZ

1 comment

  1. Ел чемпионаты. Қостанай құрамасы БҚО-ны жеңді — Арғымақ Ұлттық танымдық порталы 4 Сәуір, 2021 at 16:08 Ответить

    […] БҚО құрамасы: Сәрсенов Ақтілек – 1 салым. Бұл чемпионат бойында БҚО қоржынына түскен екінші салым. Алғашқы салымды Алматы қаласымен өткен ойында Ырысалиев Сұңғат салған болатын. […]

Добавить комментарий для Ел чемпионаты. Қостанай құрамасы БҚО-ны жеңді — Арғымақ Ұлттық танымдық порталы Отменить ответ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!