Ел чемпионаты. Сайыссыз келген жеңіс

2164

Бүгінгі ойын кестесі бойынша алаңда 6 жұп, яғни 12 команда ойнауға тиіс еді. Бұған дейін Қостанай облысы мен БҚО құрамасы және Алматы қаласы мен Алматы облысы құрамалары өзара мықтыны анықтады.

Кесте бойынша 3-4 ойын Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысы құрамасы және Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысының құрамалары арасында өтуі керек болатын.

Алайда 3-4 жұптар ойынаудан бас тартты. Анығы Павлодар облысы мен Ақтөбе облысы құрамалары ойнамайтындарын айтты.

Себебі Павлодар облысы бұған дейін Ақтөбе облысы құрамасынан 16:1, Маңғыстау облысы құрамасынан 20:1 және Шымкент құрамасынан 15:0 болып ұтылған болатын. Енді Нұр-Сұлтан құрамасынан тағы жеңілуі мүмкін, олай болса, 4 жеңіліс тапқанша, ойынды өткізбей-ақ қоюға шешім қабылдады. Осы жағдайды ескере отырып, Нұр-Сұлтан құрамасына жеңіс берілді.

Тура осы секілді жағдай Ақтөбе құрамасына да қатысты. Бұған дейін үш ойын өткізіп, оның екеуінен жеңілген Ақтөбе құрамасы да ойыннан бас тартты.

Сонымен Нұр-Сұлтан қаласы құрамасы мен Шымкент қаласы құрамалары ойынсыз жеңіске ие болды. Ойын ережесі бойынша қай команда ойыннан бас тартса, қарсылас команда талассыз жеңген болып есептеледі.

BAQ.KZ

1 comment

Добавить комментарий для Ел чемпионаты. Түркістан құрамасы Атырауды айқын басымдықпен ұтты — Арғымақ Ұлттық танымдық порталы Отменить ответ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!