Ел чемпионаты. Жамбыл құрамасы Қызылорданы 15:0-мен жеңді

2415

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Таразда өтіп жатқан Көкпардан ХХ ел чемпионатында Жамбыл облысы құрамасы Қызылорда облысы құрамасын ұтты.

Қос команданың көкпардағы қарымын салыстыруға келе қоймасы анық. Жамбыл облысының құрамасы Қазақстан тарихындағы 20 чемпионаттың 10-ын ұтқан, елдегі маңдайалды құрама. Қызылорда облысының құрамасы да осал емес, десе де, «Әулие ата» құрамасының әуселесіне төтеп бере алмасы анық.

Егер көкпардан хабары бар жан болса, екі команданың құрамына қарап отырып-ақ, «Әулие атаның» дес бермесін байқар еді.

Жамбыл облысының құрама командасы

Тұрғанбек Құрманбек – мінген аты «Алға»
Асыл Елдос – «Ардакүрең»
Дүйсенбиев Манарбек – «Еркекүрең»
Мәлімбай Ернат – «Тапанша»
Бердіқұл Айнабек – «Қаршыға»
Тоғайбаев Құлажан – «Нұрқасқа»
Алимбетов Болатбек – «Самұрық»
Жарылқасын Ернар – «Құлагер»
Рәт Ислам – «Бүркіт»
Әбдәлі Жантөре – «Барыс»
Ширимбаев Баглан – «Орлик»
Қожақұл Жасұлан – «Шұнақ»

Қызылорда облысының құрамасы

Қамбарбеков Нұржан – мінген аты «Жұлдыз»
Қонқаевт Алтай – «Сұңқар»
Оспанов Олжас – «Бақторы»
Мырзагелдиев Асхат – «Көкжал»
Мырзашев Серік – «Айтөбел»
Ташжан Ағжан – «Қаратау»
Ағайдар Дәулет – «Қарақат»
Әмзеев Наурызқожа – «Тәуекел көк»
Досалиев Жамбыл – «Тайбурыл»
Нариев Нұрболат – «Қырғыз торы»
Қалмұхамбетұлы Абылайхан – «Сайрам»
Өміртаев Пазылхан – «Бойтұмар»
Қос команданың ойынына төрешілік жасағандар: Ортадағы төреші – Айтбаев Нұрхан, қапталдағы төрешілер – Қарабаев Амандық, Тұратбеков Жамалбек, Жұмабеков Әділхан.

Жамбыл жігіттрері алаң иелері өздері екенін танытты. Алғашқы айналымды 7:0-мен аяқтаған қызылордалықтар, екінші айналымда да тым көңіл көншітпеді. Ойын аяқталғанда есеп 15:0 болды.

Ойынның алғашқы минутында салым салған Құрманбек Тұрғанбек – 2, Жарылқасын Ернар – 2, Қожақұл Жасұлан – 2 салым салса, Рәт Ислам – 3 салым салып үлгерді. Бұдан бөлек, Бердіқұл Айнабек, Тоғайбаев Құлажан, Әлімбетов Болатбек, Әбдіәлі Жантөре және Шырынбаев Бағылан бір-бір салым салды.

Осымен бүгінгі кестеге сай ойындар аяқталды. Ал ертең Жоғарғы лигада Қызылорда облысы құрамасы мен СҚО құрамасы ойнаса, Маңғыстау облысы құрамасы мен Алматы қаласы құрамасы бірінші лиганың III-IV орындарына таласатын болады.

BAQ.KZ

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!