Мұхамет-Салық Бабажанов: Жылқы және жылқы сыны

5057

Әйгілі этнограф, қоғам қайраткер, ағартушы Мұхамет-Салық Бабажановтың бұл мақаласы 1871 жылдың қаңтарында Ресейде жарық көретін «Журнал охоты»-дың 1-2-нөмірінде басылған еді. Түпнұсқада орыс тілінде жазылған мақаланы қазақшаға аудардық.

Осы орайда, оқырман қауымға ескерте кететін бір жай бар. Ол – мақалада «киргиз» деп берілген ұлт атауын argymaq.kz редакциясы «қазақ» деп беруді жөн көрді. Себебі, 19 ғасырда орыстар қазақтарды «киргиз» деп атағаны белгілі.

Argymaq.kz

Ішкі Ордадағы жылқы және жылқы сыны

Қазақтар жылқы мен оның қасиетін ең алдымен түрінен, яғни, сыртқы пошымынан анықтаған. Бұл тұрғыда біздің түсініктеріміз бен қағидаттарымыз өткен жылы «Журнал охоты» басылымында жарияланған «Жылқы және өзгелер жөнінде» атты мақаладағы ескертулермен сәйкесірек.

Мақалада негізінен бір ғана жылқының дұрыс тұрпатын сипаттау жағы басымырақ еді. Алайда, жылқының бітім мен тұрпатын қазақтар оның пайдалануылуы мен тұтынылу ерекшеліктеріне қарай бағалайды.

Осылайша, түр-тұрпаты бірдей жылқы малын бір жағдайға пайдаланған қазақтар оның екінші бір жағдайға мүлде жарамайтынын, тіпті қабілетсіздігін мойындайды. Өкінішке қарай, адамзат пен табиғат жылқының кез келген жағдайға, кез келген уақытта пайдалануға болатын түрін тапқан жоқ. Сондай-ақ, жылқы малының қасиеттерін зерттеу, ғылыми тұрғыда табиғатының құпиясын ұғыну оңай дүние емес. Соған қоса үнемі дұрыс әрі тез қол жеткізетін ғылым деуге келмес. Өйткені, қазақтардың жылқы таңдаудағы басшылыққа алатын талаптарына, пайдалануыларына сәйкес қасиеттері, барлық қалауы мен талабына сәйкес келетін жалқы малы әлі жасалған да, туылған да жоқ. Біз мұндай жылқы бар деген мәліметті әлі кезіктірген жоқпыз. Осыдан барып қазақтар арасында жылқыны дұрыс пайдаланылуына қарай түр-түрге немесе сортқа бөлу үрдісі қалыптасқан.

Осы жерде қазақтардың жылқыны түріне қарай: зауыттық, далалық; басқа да типтік шығу тегіне қарай; түр-түсі, тұрпаты мен жекелеген дене бітіміндегі белгілеріне қарай сан-алуан түрге бөлетінін айта кеткеніміз жөн.

Қазақтардың жылқыны жалпы тұрпатына, түріне және белгілі бір жағдайда пайдаланылуы мен жарамдылығына қарай бөлуі күні бүгін жалғасып келеді. Осы тұрғыда жылқыларды бөлудегі негізгі белгілері мынадай:

Берік

Берік – шымыр, мықты.

Мұндай жылқы көбінесе тапал, өзі шабандау, семіз әрі етті, сирақтары жуан, кейбірі қарынды, кейбірі тығыршықтай болып келеді. Құйрық-жалы қою, жүндес болғанымен өте ұзын емес. Жылдам жүріске қабілетсіз, бірақ ұзақ жүріске шыдас беретін жылқы.

Мұндай жылқының бір жақсысы жем-шөп талғамайды. Етін жақсы ұстайды, қара жұмысқа да, суыққа да төзімді, қыста тебіндеп шығады.

Саудада бұл жылқы тұрпаты мен тапалдығына қарай жоғары бағаланбаса да, үй шаруашылығы мен дала жұмыстарына пайдалы және таптырмайтын жануар. Бірдей деңгейде жағдай жасалған және бірдей жүк көтере жүрсе де мұндай жылқы дене салмағын жоғалтпай өзге қасиеті бар екі-үш жылқының орнына қызмет ете береді.

Қазақтар жылқының осы қасиеттері үшін оларға ерекше мән берген, өздерінің табындарында олардың өсіп-өнуіне жағдай жасап, көптеп өсіріп отырған. Тек, бұл жылқылардың өмірі «қазанат» деп атаған жылқыларға қарағанда қысқа болып келеді.

Естеріңізде болса, бұған дейін Мұхамед-Салық Бабажановтың «Арғымақ — Түркістан жылқысы» атты мақаласын жариялаған болатынбыз.

Мұхамед-Салық Бабажанов,

«Журнал охоты» 1871 жыл.

Argymaq.kz (Жалғасы бар)

6 comments

Добавить комментарий для Мұхамет-Салық Бабажанов. Сыншылық өнер — Арғымақ Ұлттық танымдық порталы Отменить ответ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!