Қостанай жылқысын дамытудың жол картасы әзірленіп жатыр

3411

Премьер-министрдің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен ұлттық брендтерді дамыту жөнінде онлайн-кеңес өтті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе қазақы Қазанат (Қостанай тұқымын) жылқы тұқымын дамытуға қатысты болды.

Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер бетіне Ұлы даладан таралғаны тарихтан белгілі. Жаһандық деңгейде бұл шаруашылық және әскери салада бұрын-соңды болмаған жаңашылдыққа жол ашты. Бүгінгі күні қазақы Қазанат (Қостанай тұқымы) тұқымындағы жылқыларды қалпына келтіру мен сақтау бойынша жол картасы әзірленді.

Тарихи ескерткіштер мен мәдениеттің мемлекеттік тізіміне «Патшалық жылқылар қоражайының» («Царская конюшня») ғимараттарын қосу және Қазанат тұқымындағы жылқыларды асыл тұқымдық сынау жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қостанай жылқы зауытында қанша бас жылқы қалғаны туралы және елімізде тұңғыш рет тек қана Қостанай жылқы қатысқан аламан бәйге өткені туралы хабарлаған болатынбыз.

BAQ.KZ

3 comments

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!