Түсіңізге жылқы кірсе…

123959

***

Ақбоз ат көрсең – ісің оңалады.

***

Арбаға жегілген жылқылар – бақытқа жетер жолдағы қиындықтар мен сынақтарға.

***

Асауға мініп шабу – сəттілікке жетер алдында кезігетін қиындықтарды меңзейді. Бұл түс сенімді достардың көмегін де білдіруі ықтимал.

***

Ат көрсе – құрмет, салтанат болады.

***

Атқа міну – арман-тілегі орындалады, байлығы артады.

***

Атқа мініп, көкпар тартса – тәуір қызметтің тізгінін ұстайды.

***

Атқа мініп, тар соқпақпен биік тауға көтерілсеңіз – қоғамда өте мықты орынға ие боласыз. Егер де, атыңыз шыдамай, таудың шыңына шығу үшін қалған жолды жаяу өтсеңіз, сіздің қоғамдағы беделді орныңыз сізге үлкен күш-жігермен келетін болады.

***

Атты жүгендеп, өз еркіңізге көндірсеңіз – өмірде оңтайлы өзгерістердің болатынына дайын болыңыз.

***

Əйелдердің арасында атпен шауып жүрсеңіз – болашақ тілектеріңізді түсінбеушілік пен тəуелділігіңізді білдіреді.

***

Баран жылқы мініп шапсаңыз – ұзақ уақыт бойы істеріңіз алға басып, бір мезетте олардың пайдасыздығына көз жеткізетін боласыз.

***

Бəйгеге қатысу – дəулетті өмірдің хабаршысы.

***

Бие көрсе – құрметті, ізгі қатынға кездеспек.

***

Дақтары бар (шұбар, теңбіл) жылқыларды көру – жұмыстан алда көретін пайданы меңзейді.

***

Дөң үстінен аттан түсіп жатсаңыз – сəтсіздіктер.

***

Егер де адам түсінде мінген атынан құлап қалса – онда ол жақсы емес, алда қауіп-қатер бар болғаны.

***

Егер де, жылқы малы лас, кір болатын болса, өзіңіз сенетін адамдардың сатқындығына қаласыз.

***

Егер кісі түсінде атқа мініп, одан құламай, өзі түсетін болса, онда бұл – жақсы. Өйткені халық түстегі атты өңдегі арман-тілекке балаған.

***

Егер, жылқы сізді жығып кетсе немесе арқаңыздан қатты тебетін болса – тағдыр сынағы сізге бақталастарыңыздың келбетінде келуі мүмкін немесе сіз науқасқа шалдығасыз.

***

Егер иттің басы, аттың басы, есек басы, осы секілді жануарлардың басын көрсе – біреуге кірісіп, еңбегінің бейнетін көрер.

***

Егер, қыз бала өзін қара аттың үстіндегі шабандоз ретінде көрсе – арманына жетуге кездейсоқ жағдайдың көмектесетінін, сонымен қатар дана адамдармен сөйлесетінін білдіреді.

***

Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар шапса – болыс болады.

***

Егер кісі түсінде ерттеулі атқа мінсе – мұратына жетер.

***

Егер кісі түсінде жабайы жылқыға мінсе – онда оның мал-мүлкіне зиян келеді.

***

Егер кісі түсінде қоңды, жарамды атқа мініп жүрсе – онда оның байлығы артады.

***

Жылқы мініп жүрсең – қуаныш.

***

Жылқы сатып алып жүрсең – жаңа хабар аласың.

***

Жылқының арқасында таза көлді жүзіп өту – армандардың орындалуы мен пайда табуға негіз болады.

***

Жылқының қашып, жабайы үйірге қосылуын көру – сізді біреудің сырқаты туралы хабар күтіп тұр.

***

Жылқыны өзіңіз, я біреудің тазалап жатқанын көру – өмірде лайықты орын тауып, құрметке жету үшін көп азап көретініңізді хабарлайды.

***

Кәсіпкерлер, шаруалар жəне əдебиетшілер үшін жылқының жалы мен құйрығын өздері безендіріп жатқан түс – оңтайлы болып саналады.

***

Керемет аттарды көру – дəулет пен жетістікке меңзейді.

***

Көкпар шабу – бір нәрсеге таңырқау.

***

Қамшы ұстаса – ұл сүйеді.

***

Қамшы – қиыншылықтардың кетуін, дұшпандардың жеңілуін білдіреді.

***

Қамшы – бала-шағаның да белгісі.

***

Қара ат көрсең – сәтсіздікке ұрынасың.

***

Құлын көрсең – кіріс келеді, бірақ қиналысқа кезігуің мүмкін.

***

Құлагерлердің шабысын көру – кенет нашар жаққа ауысатын оң жағдайлардың болатынын хабарлайды. Бұл түс үстіртін қызығушылықтарды да алдын ала хабарлауы мүмкін.

***

Қыз қууға қатысу – үйлену.

***

Қымызды біреуге берсең – олжаңды бөлісу немесе оқу орнына бару.

***

Өз атыңызды өзіңіз тағаласаңыз –күмәнді жолмен байлыққа жетесіз.

***

Сүйіктісінің өзінің артынан ат үстінде келе жатқанын көру – қыз бала үшін ғашық жігіттердің көп болуын меңзейді

***

Торы айғырдың үстінде шабу – тілектеріңіздің қанағаттандырылуы жəне алға басуы. Бұл түсті көрген əйел тыныштығын қашырған жігіттің бетін қорықпай қайтара беруіне болады, ал өзін алдағы уақытта материалды табыс күтіп тұр.

***

Түсінде ақбозатқа міну – жақсы белгі. Бірінші кезекте бұл түс сізге достық қарым-қатынастардың беріктігін жəне ойы бір таныстарыңызбен кездесудің көп қуаныш əкелетінін жеткізбекші.

***

Түсінде атқа мінген кісі – өңінде арман-тілегіне жетеді.

***

Түсінде атқа мініп намаз оқып көрсе – қатты қорқыныш болмақ, өлтіріс болмақ.

***

Түсінде аспаннан қамшы түскенін көру – Алла тағаланың қаһар, қарғысын білдіреді.

***

Түсінде атын қамшысымен сабағанын көру – жақсылық үшін Алла Тағалаға дұға қылуын білдіреді.

***

Түсінде бір адамды қамшымен ұрғанда, ол кісіден қан шашырағанын көру – жаманшылық пен қиыншылықтың белгісі.

***

Түсінде бір адамды қамшымен ұру – ол кісіге уағыз, насихат айтуды білдіреді.

***

Түсінде біреу мінер ат берсе – жақсы мәртебеге жетер.

***

Түсінде дұшпанын қамшымен ұрғанын көру – абырой, атақ-данқтың белгісі.

***

Түсінде жараланған немесе өлген жылқыны көру – қайғылы жайттардан хабар береді.

***

Түсінде кісі ерттеулі атқа мініп жүрсе – онда ол өңінде тілегіне жетеді.

***

Түсінде қара ат, яки жирен ат көрсе – сүйініштік, рахаттық болады, дәулет ғиззат болар.

***

Түсіңізде ат үстінде мөлдір бұлақты кешіп өтсеңіз – сәттілік серігіңізге айналады. Бірақ, бұлақтың суы қара болса, бақытыңызға сызат түседі.

***

Түсіңізде жақсы тағаланған жылқыға сүйсінсеңіз – жақын арада қиялыңызға кірмеген жетістікке қол жеткізесіз. Əйел адам үшін бұл түс өмір бойына адал досты кезіктіретінін білдіреді.

Құрастырып, дайындаған Ержан Жаубай

Argymaq.kz

Басты фото: Мейрамбек Ташкенұлы

























































































































































































































































































































































2 comments

  1. Боташ 15 Қазан, 2023 at 11:42 Ответить

    Түсімде біздін уйдегі қонып жылқы мені теппекші болды куфп жүріп жүргенін шештім үстіндегі көрпешесін шеш алмадым

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!