ДКО. Қазақстан чемпион!

864

Бұл кездесуді қос команда былай тұрсын, көкпардан хабары бар қарапайым көрерменнің өзі көптен күткен болатын.

Ел есінде болса, ІІІ Дүниежүзі көшпенділер ойындарынан соң қос команданың арасындағы «кәм мықты?» деген мәселе тіпті ушыға бастаған болаты.

Екі елдегі көкпар жанашырлары, жанкүйерлері қазандық пен шеңбер мәселесінде көкпарға түскен серкеден кем тартысқа салмады. Енді міне, сырт алаңда, екі командаға да ара ағайын бола білер Түркия төрінде бұл тартысқа нүкте қойылды деп ойлаймыз.

Иә, Орта Азия бьылай түрсын аузы аққа, ауы атқа жарыған күллі көшпенділердің арасында көкпар ойынында суырылып алға шыққан қазақ-қырғыз екілігі бір-біріне дес бермей, көп жағдайда итжығыс түсіп келген болатын. Оның дәлелі – бүгінгі ойын.

20 минутқа жалғасқан алғашқы тайм нағыз намыс үшін жан алысып, жан берісікен тартысқа толы болды. Бір-біріне есе бермеуге тырысқан екі команда да есепті 2:2-мен аяқтады.

Осы орайда, еліміз намысын қорғаған еңсегей бойлы енрлердің есімін де бір рет еске түсіріп қою артықтық етпес деп ойлаймыз. Сосын екінші таймның әңгімесін жалғастырамыз.

Ұлан Байтөреев — 28.11.1979. (Атырау облысы)

Абылайхан Нышанбеков — 18.11.1994. (Түркістан облысы)

Құрманбек Тұрғанбек — 18.04.1997. (Жамбыл облысы)

Ынтымақ Әліпбаев — 01.05.1990. (Атырау облысы)

Құлажан Тоғайбаев — 14.04.1987. (Жамбыл облысы)

Бақытжан Әзімбай — 19.06.1993. (Атырау облысы)

Дәулет Айтан — 31.08.1995. (Түркістан облысы)

Арман Жамалбеков — 20.08.1992. (Түркістан облысы)

Есжан Құрманбай — 02.07.1993. (Жамбыл облысы)

Ислам Рәт — 15.12.1993. (Жамбыл облысы)

Айнабек Бердіқұл — 20.11.1997. (Жамбыл облысы)

Әділет Мамыт — 09.09.1997. (Түркістан облысы)

Екінші тайм да айтырлықтай тартысты өтті. Ғасы ойыны деуге болатын дүбірлі бәсекеде ел мерейі асқақтап, қырғыз бауырларды 4:3 есебімен ұтты.

Салым салғандар:

Әділет Мамыт — 2 салым,

Құрманбек Тұрғанбек — 1 салым,

Абылайхан Нышанбеков — 1 салым.

BAQ.KZ

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!