ДКО. Көкпар: Қазақстан-Өзбекстан (16:0)

1803

Бүгін Астанада қасындағы «Қазанат» атшабарында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жарыстары жалғасып жатыр.

Көкпар ойындары бойынша шеңберге ойнаудың алғашқы жұбы алаңға шықты. Қазақстан ұлттық құрамасы мен Өзбекстан құрамасы сынға түсті.

Жеңімпаздарды таныстырмас бұрын А тобында ойын көрсетіп жатқан қос команданы таныстырып алайық.

Қазақстан құрамасы:

1. Құрманбек Тұрғанбек

2. Дәулет Айтан

3. Бақытжан Әзімбай

4. Арман Жамалбек

5. Абылайхан Нышанбеков

6. Құлажан Тоғайбаев

7. Елдос Асыл

8. Ернар Жарылқасын

9. Ернат Мәлімбай

10. Ұлан Байтөреев

11. Есжан Құрманбай

12. Әділет Мамыт

Команда жетекшісі Нұрдәулет Момынов, команданың бас жаттықтырушысы Ақылбай Манкеев.

Өзбекстан құрамасы: 

1. Jonishev Kurmo

2. Turgunov Azizbek

3. Dushaev Avazbek

4. Mullaboev Otabеk

5. Ergashev Islomjon

6. Ibragimov Akbarjon

7. Rakhimboev Pakhlavon

8. Ibrahimov Murodulla

9. Kunishev Shokhrukh

10. Berkinov Fazliddin

11. Bekmuratov Azimbek

12. Janishbekov Zoirbek

Команда жетекшісі: Adkhamov Ravshanbek Команданың бас жаттықтырушысы: Аltaev Баhrом

Қазақстан құрамасының капитаны Құрманбек Тұрғанбек ойынның екінші минутында есеп ашты. Осыдан бастап біздің жігіттер ойын тізгінін өздері ұстады.

Алаң иелері алғашқы ойынды тақымжазар, ет қыздырар жаттығу ретінде өткізді десек те болады.

Екі таймға созылған додада Қазақстан құрамасы есепті 16:0-ге жеткізді.

Салым салғандар: 

Құрманбек Тұрғанбек – 4, Бақытжан Әзімбай – 1, Арман Жамалбек – 1, Абылайхан Нышанбеков – 3, Ернар Жарылқасын – 3, Ернат Мәлімбай -2, Ұлан Байтөреев – 2, Әділет Мамыт -1.

Қазір Ресей құрамасы мен Қытай құрамасы арасында жарыс өтіп жатыр.

Argymaq.kz

buy windows 11 pro test ediyorum

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.