Көкпардан шеберлік-сабағы өтті

522

Жылдың ең маңызды оқиғасы саналған V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолдауға және жобаны халық арасында насихаттау мақсатында мәдени және спорттық бағдарлама аясында елорда төрінде «Бірлік Керуені» атты қалалық үлкен жоба басталды.

Астана қалалық спорт басқармасының айтуынша «Бірлік керуені» барысында елорда төрінде бірнеше спорттық іс-шаралар өтпек.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында елордада «Бірлік Керуені» атты қалалық үлкен жоба бастау алды. Осы жоба аясында Қазақстанның барлық өңірінде елшілер құрылған болатын. Жалпы өңір бойынша 200-ден астам елші бар. Біздің мақсатымыз қаламызда өтіп жатқан ұлттық спорт түрлерінен жарыстарды тұрғындарға насихаттап, бөлісу. Күні кеше елордалық көкпаршылардың қатысуымен көкпардан шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Алдағы уақытта қала тұрғындары арасында «Асық ату – ұлттық тәрбие көзі» атты шеберлік сабағы және тоғызқұмалақтан қалалық біріншілік сынды іс-шаралар жоспарланған – дейді елордалық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі ұйымдастырылып отырған шара халқымыздың мәдени мұрасын, оның ішінде ұлттық құндылықтар мен ұлттық ойындарын насихаттау. Елордада өтетін көшпенділер ойынын да жоғары деңгейде өткізіп, бірліктің үлгісін көрсетеміз деген сенімдеміз дейді Мадина.

Айта кетейік «Бірлік керуені» жобасы еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылуда. Көшпенділер мәдениетінің негізінде құрылған «Бірлік Керуені» V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын республика көлемінде сезінуге мүмкіндік береді дейді ұйымдастырушылар.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!