АШМ Атырауда тараған жылқы ауруының себебін атады

2586

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі Атырау облысында белгісіз аурудың салдарынан жылқы өлімі тіркелгенін хабарлаған болатын.

Атырау облысына шаруаларға ғылыми-практикалық көмек көрсету, эпизоотологиялық зерттеулер жүргізу және жылқылар арасында ауру диагнозын анықтау үшін сынама алу мақсатында Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты мен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері барды.

Зерттеу нәтижесінде жануарларда деляфондиоз, гастрофилез және параскаридоз паразиттік аурулары анықталды.

Қолда бар деректерге қарағанда жоғарыда көрсетілген диагноздар жануарлардың жаппай қырылуы мен ауруының негізгі себебі екені анықталды. Аурумен күресу үшін ғалымдар жануарлардың иелері мен ветеринарларға паразиттік аурулар мен гельминтоздарды алдын-алу және уақтылы емдеуді ұсынады – делінген министрлік хабарламасында.

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне сәйкес жануарлардың профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет есебінен жүргізіледі. Қалған аурулардың, оның ішінде паразиттік аурулардың ветеринариялық іс-шаралары жануарлар иелерінің есебінен жүргізіледі.

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті ғылыми-зерттеу институттары мамандарының облысқа жасаған сапарларының қорытындысы бойынша арнайы жиналыс өткізді. Жиынға Қазақстанның жылқы өсірушілер қауымдастығының мүшелері, ғалымдар, АШМ аумақтық инспекциясының және әкімдіктің өкілдері қатысты.

Кездесу қорытындысы бойынша министрлік өз кезегінде фермерлермен кездесу алаңын ұсынуға ал ғылыми-зерттеу институттарының мамандары фермерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп, жануарларды диагностикалау мен емдеудің тиімді әдістері туралы көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Эпизоотиялық жағдай ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауында.

Argymaq.kz

2 comments

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.