«Ұлы дала жорығы» Петропавлдан басталады

1009

Биыл «Ұлы дала жорығы» Петропавлдағы Абылай ханның резиденциясынан басталады.

Осы жылы көшпенділердің V дүниежүзілік ойындары қарсаңында өтетін «Ұлы Дала Жорығы» бірегей марафонының республикалық іріктеу турының басталу күні жарияланды.

11 наурыз күні «JORYQ» республикалық ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен кездесті.

Атап айтқанда, кездесу барысында Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен өтетін марафон-бәйгенің ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ жиын барысында «Ұлы Дала Жорығы» республикалық іріктеу турының өтетін орны мен басталу күні белгіленді. Осылайша, марафон-бәйгенің Петропавл қаласындағы Абылай хан мұражай кешені-резиденциясынан басталатыны туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, — делінген хабарламада.

Жоба 12 мамырда басталып, 17 мамырда Астанада аяқталады. Бурабай курорттық аймағының, Ботай мен Бозоқ көне мекендерінің көрікті жерлерін басып өтетін марафон-бәйгенің жалпы қашықтығы 500 шақырым.

Республикалық іріктеу кезеңінде орнатылған ең үздік жетістіктер Қазақстанның рекордтар кітабына (KINES) енгізілетіні жайлы тілге тиек етті.

Үздік үштікке енген жеңімпаз командалар қыркүйек айына жоспарланған «Ұлы Дала Жорығы» халықаралық турына қатысуға лицензия алады. Қазіргі таңда аймақтық іріктеу турлары жүріп жатыр, олардың жеңімпаздары ұлттық іріктеу турына жолдама алады.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.