«Ұлы дала жорығы»: Екінші күннің қорытындысы

945

20 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 16 команда Екібастұз қаласы маңынан Павлодар облысы аумағындағы Төртқұдық елді мекеніне аттанды.

Биылғы жорық қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.

Жол қашықтығы 500 шақырым. Бағыт Павлодар, Ақмола облыстарын қамтиды. Марафон 23 мамырда Астанада аяқталады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, екінші кезеңнің мәресі Төртқұдық елді мекені маңында аяқтайды.

Биыл «Ұлы дала жорығына» еліміздің әр аймағынан келген 6 шабандоздан тұратын арнайы «Рекорд» командасы жасақталды. Оның құрамына нағыз қазақтың Адай, Қостанай, Найман, Жетісу өңірінің жылқылары әдейі енгізіліп отыр.

«Рекорд» командасының сап түзеп, жорыққа шығуындағы басты мақсат – нағыз қазақи жылқылардың ел арасында танымалдылығын арттыру, кеңінен насихаттау, — деп атап өтті «Joryq» федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков.

Екінші кезең қорытындысы бойынша, Алматы қаласының командасы жеңімпаз атанды. Жетісу облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Маңғыстау облысының командасы үштікке ілікті.

Өкінішке қарай, екінші кезеңде Батыс Қазақстан облысының командасы жарыстан шығып қалды.

Екінші кезеңде Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай мен Абай, Павлодар, Ақмола облыстарының екі-екі аты, ШҚО, Жетісу, Қарағанды облыстары мен Астана қаласының бір-бір аты жарысқа жарамсыз болып қалды. Алматы қаласы, Маңғыстау, Жамбыл облыстары бес атпен жарысқа шығады.

Жалпы 3-кезеңді 15 команда жалғастырады.

Қорытынды:

  1. Алматы қаласы – 6 сағ. 46 мин. (5 ат)
  2. Жетісу облысы – 6 сағ. 48 мин. (4 ат қалды)
  3. Маңғыстау облысы – 6 сағ. 52 мин. (5 ат)
  4. Қостанай облысы – 6 сағ. 59 мин. (3 ат қалды)
  5. ШҚО – 7 сағ. 03 мин. (4 ат қалды)
  6. Жамбыл облысы – 7 сағ. 27 мин. (5 ат)
  7. Қарағанды облысы – 7 сағ. 44 мин. (4 ат қалды)
  8. Астана қаласы – 7 сағ. 58 мин. (4 ат қалды)
  9. Ақмола облысы – 8 сағ. 04 мин. (3 ат қалды)
  10. Түркістан облысы – 9 сағ. 04 мин. (3 ат қалды)
  11. Абай облысы – 9 сағ. 09 мин. (3 ат қалды)
  12. Павлодар облысы – 9 сағ. 42 мин. (3 ат қалды)
  13. СҚО – 9 сағ. 45 мин. (3 ат қалды)
  14. Ұлытау облысы – 10 сағ. 03 мин. (3 ат қалды)
  15. «Рекорд» командасы. (6 ат)

«Ұлы Дала Жорығы» – жылқының ең мықты әрі төзімді тұқымы анықталатын далалық лаборатория.

Бұған дейін алғашқы күннің нәтижесін жариялағанбыз.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.