Қостанай жылқысына қатысты заң жобасы талқыланады

1487

Ертең Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі жалпы отырысында спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымына қатысты Заң жобасы талқыланады.

Бұл туралы Парламенттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралады – делінген хабарламада.

Отырыста Аграрлық мәселелер комитетінің мүшелері Айдарбек Қожаназаров пен Аманжол Әлтай баяндама жасайды.

Депутаттардың баяндамасы Argymaq.kz сайтында жарияланады.

Argymaq.kz

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.