«Ұлы дала жорығы»: Төртінші күннің қорытындысы

627

22 мамырда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7.00-де 14 команда Ақмола облысының аумағындағы Торғай елді мекенінен Жолымбет елді мекеніне аттанды.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің келесі 100 шақырымын бағындырып, төртінші кезеңнің мәресі Жолымбет елді мекені маңында аяқталды.

Төртінші кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып жетсе, Алматы қаласының командасы үштікке ілікті.

Өкінішке қарай, Ақмола облысы мен Абай облысының командалары 500 шақырымның соңғы 100 шақырымына қатыса алмайды.

Қорытынды:

  1. Жетісу облысы — 07:20:07
  2. Маңғыстау облысы — 07:20:34
  3. Алматы қаласы — 07:28:46
  4. Жамбыл облысы — 07:29:12
  5. Астана қаласы — 07:34:25
  6. Қарағанды облысы — 08:04:49
  7. СҚО — 09:03:49
  8. Ұлытау облысы — 09:10:22
  9. Қостанай облысы — 09:52:36
  10. Абай облысы — 09:53:05
  11. Ақмола облысы — 10:08:18
  12. Түркістан облысы — 10:43:22
  13. «Рекорд» командасы.

400 км: жалпы нәтиже

  1. Жетісу облысы — 27:01:13
  2. Маңғыстау облысы — 27:33:50
  3. Алматы қаласы — 28:00:24
  4. Жамбыл облысы — 29:13:59
  5. Астана қаласы — 30:43:01
  6. Қостанай облысы — 31:41:31
  7. Қарағанды облысы — 31:54:12
  8. СҚО — 34:12:56
  9. Ақмола облысы — 34:29:41
  10. Абай облысы — 36:22:21
  11. Түркістан облысы — 37:10:06
  12. Ұлытау облысы — 37:23:37
  13. «Рекорд» командасы.

Алғашқы үш жеңімпаз V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 10 команда қатысады деп күтілуде (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.).

Марафон жұмысына 2 халықаралық және 3 қазақстандық судья, сондай-ақ 2 халықаралық және 3 қазақстандық мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға кепілдік береді.

Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы.

Қолдау көрсетушілер: «Аманат» партиясы, Павлодар облыстық әкімдігі, Қазақстан Республикасы спорт және туризм министрлігі.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!