ДКО. Аударыспақ: Ел қоржынына тағы екі алтын түсті

755

Бүгін алаңға аударыспақ алыптары шықты. 90, 100, 100+ келі салмақтары сарапқа салынған сайыста ел намысын Есімхан Раметіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев қорғады.

Естеріңізде болса, кеше өткен сайыста да біздің елдің үш палуаны ел қоржынына үш алтын салған болатын. Атап айтар болсақ, 60 келіде Ермек Құралбай, 70 келіде Алмат Ләтіпбек, 80 келіде Дарын Өткелбай жеңіске жеткен болатын.

Алғашқы болып алаңға шыққан Қазақстан палуаны Есімхан Раметіллә мен Қырғыз палуаны Ислам Бердібекұлы арасындағы сайыс тартысқа тиесілі 5 минутта жеңіс анықталмай, қосымша берілген 3 минутта қырғыз жігіті әбжілдік танытты.

Сонымен жеңімпаздар қатарын таныстырсақ.

90 келі салмақта: 

I орын: Ислам Бердібекұлы (Қырғызстан)

II орын: Есімхан Раметіллә (Қазақстан)

III орын: Инсаф Құсайынов (Ресей)

Әзизбек Зокиржонов (Өзбекстан)

100 келі салмақта: 

I орын: Сырым Ізбасаров (Қазақстан)

II орын: Бақытжан Жанат (Моңғолия)

III орын: Кулссар Даниел (Мажарстан)

Тұрдықұл Әбдірахманов (Қырғызстан)

100 келіден жоғары салмақта: 

I орын: Біржан Қосалиев (Қазақстан)

II орын: Күмісбек Қыдыралиев (Қырғызстан)

III орын: Локотос Валентин (Мажарстан)

Қаржаубай Сейітхан (Моңғолия)

Осымен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы Аударыспақ спортынан сайыстар аяқталды.

Ертең сағат 11:00-де Көкпардан Қазақстан құрамасы мен Ресей федерациясы құрамасы арасында тартыс өтеді. А тобындағы соңғы ойын астаналықтар үшін тартысты болары сөзсіз.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.