Салжанов ұлттық спорт жанашырларына алғыс айтты
Бүгін ғана ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенттігінен кеткен Исламбек Салжанов осы саланы басқарған үш жылына қорытынды жасады.
Өздеріңіз білесіздер 2022 жылғы қыркүйек айында Ұлттық спорт қауымдастығының президенті болып сайландым. Соңғы жылдары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қолдауымен ұлттық спорт қарқынды дамып келе жатыр. Соның бір дәлелі елімізде өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны. Ұлы дода — әлемге ұлттық мәдениетімізді, төл спортымызды паш етуге мүмкіндік берді — деді Исламбек Төлеубайұлы.
Ол соңғы екі жылда Қауымдастық және құрамындағы 10 федерациямен бірлесіп, ұлттық спортты бір жүйеге келгенін айтты.
Осы аралықта республикалық федерациялар бірнеше халықаралық федерациялар құрды. Екі жылдан астам уақыт ішінде федерациясы басшылары тынымсыз еңбек етіп келеді. Ұлттық спорттың дамуына өздерінің қаржысын да, уақытын да арнады. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қауымдастық пен федерациялардың алдына қойған мақсат-міндеттер орындалды — деді ол.
Бүгін ол Ұлттық спорт қауымдастығындағы президенттік қызметін өз еркімен тапсырды.
Бұл шешімге келу себебім, бизнеске байланысты жаңа жобаларды іске асыруды жоспарлап отырмын. Құрылтайшылардың шешімімен Республикалық «Жамбы ату» федерациясының президенті қызметін атқарған Еркебұлан Сайдоллаұлы қауымдастық президенті болып сайланды. Қауымдастықтың жаңа басшысы Ильясов Еркебұлан Сайдоллаұлына сәттілік тілеймін! Ұлттық спортты бүгінгіден де жаңа белестерге көтереді деп сенеміз — деді Салжанов.
Ұлттық спорттағы екі жыл үлкен жетістіктерге жеткен жыл болды.
Алдымен маған сенім білдірген, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа алғысымды айтамын. Ұлттық спортқа қолдау көрсеткен Туризм және спорт министрі Мырзабосынов Ербол Қуантайұлына және Ұлттық және ат спорты орталығын басқарған Бағдәулет Маратұлына ризашылығымды білдіремін. Ұлтқа қызмет етуді мақсат еткен, ұлттық спорттың дамуына орасан зор үлес қосқан, екі жыл бұрын менің ұсынысымды қабылдап, федерацияларды басқаруға алып, қарқынды жұмыс істеп келе жатқан әріптестерім Исабаев Бауыржанға, Көпбаев Қанатқа, Жұман Маратқа, Ильясов Еркебұланға, Мұқатаев Айдосқа, Әбдіқадыров Амангелдіге, Аслан Сұлтановқа алғыс айтамын — деді Исламбек Төлеубайұлы.
Сонымен қатар, ол қауымдастық құрамына кіріп, ұлттық спортты дамытуға қосып жатқан орасан еңбегі үшін Уәлиұлы Берікке, Алихан Мұхамедияұлына, Құспеков Олжасқа, Тұрлыбеков Бақытжанға ризашылығын білдірді.
Сіздер ұлт үшін, ұлттық спорт үшін аянбай қызмет жасап жүрсіздер. Ұлттық спорт саласында ұзақ жылдар бойы аянбай қызмет етіп, ұлттық спорттың туын көтеріп жүрген жаттықтырушылар, төрешілер және спортшыларға ерекше алғыс айтамын. Ұлттық спортты кеңінен насихаттап жүрген зиялы қауым өкілдері — қаламгерлер мен журналистер қауымына және бұқаралық ақпарат құралдарына, жалпы ұлттық спорт жанашырларына алғыс айтамын — деді ол.
Ұлттық спорт – Халқымыздың ынтымақтастық рухын күшейтуге, бір мүдде жолында бірлігін нығайтуға септігін тигізетін ұлттық құндылық.
Спортшыларымыз әрқашан жеңіс тұғырынан көрінсін. Ұлттық спорт биік шыңдарды бағындыра берсін! — деді Исламбек Төлеубайұлы.
Argymaq.kz