Жүлде қоры 120 млн теңге. Астанада аламан өтеді

1786

Елорда іргесіндегі «Қазанат» атшабарында 4 мамыр күні Жеңістің 80 жылдығына орай «Astana Cup» классикалық ат шабысы мен бәйге түрлерінен республикалық турнир өтеді.
Аталған додаға Қазақстанның барлық өңірінен бәйге аттары қатысады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 120 000 000 теңге.

Ауыздығымен алысқан сәйгүліктер классикалық ат жарысы саналатын ұшқыр бәйгеде төрт қашықтық бойынша бақ сынайды: 1200 м, 1600 м, 1800 м және 2000 м. Сонымен қатар, 12 шақырымдық «топ» бәйге мен 18 шақырымдық «аламан» бәйге де өтеді. Жалпы турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау қаржылай сыйақы шығындары, яғни жүлде қоры демеушілер есебінен жүргізілетінін айта кету керек, — дейді қалалық спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Іс-шараны Астана қаласының әкімдігі, Туризм және спорт министрлігі және Ұлттық спорт қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Бәйгенің ашылу салтанаты 4 мамыр күні сағат 12:00-де өтеді.
Көрермендер үшін кіру тегін.
Сонымен қатар, «Қазанат» атшабарына №303, №309 және №323 бағыттарындағы автобустар қатынайды.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.