Конкурдан Еуразия лигасының финалы басталды

15

Елордадағы «Арғымақ» ат спорты кешенінде конкурдан Әлем кубогы Еуразия лигасының (FEI World Cup) финалы басталды.

Қазақстан тарихында алғаш рет ұйымдастырылып отырған беделді додада Швецияның Стокгольм қаласында өтетін Үлкен финалдың үш жолдамасы сарапқа салынады.

Жарыс қарсаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ат спорты федерациясы президентінің кеңесшісі әрі FEI техникалық делегаты Сергей Буйкевич, төрешілер алқасының президенті Әли Кучук (Түркия), курс-дизайнер Мурат Батур (Түркия) және ұлттық құрамалардың көшбасшылары турнирдің маңыздылығы мен дайындық барысын баяндады.

Еуразия лигасына 11 мемлекет кірсе, соның ішінде іріктеуден өткен 5 елдің үздік шабандоздары Астанада бас қосты. Олардың қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Иран, Әзербайжан, Армения, Грузия, Молдова, Ресей және Түрікменстан бар. Ел намысын Нұрила Тұрысбекова, Олег Соколенко, Раиса Соколенко және Ксения Баталова қорғайды.

Құрама көшбасшыларының бірі Нұрила Тұрысбекованың айтуынша, Еуропада 3-4 ай бойы оқу-жаттығу жиындарын өткізген спортшылар өз жанкүйерлері алдында лицензия жеңіп алуға дайын.

Шығыс Еуропа аймағынан ресейлік тәжірибелі шабандоз Дарья Самохина өз командасымен келді. Каспий-Кавказ лигасы атынан Грузияның алдыңғы қатарлы шабандозы Шалва Гачечиладзеге қатысады. Сондай-ақ Өзбекстан және Қырғызстан құрамалары өнер көрсетуге дайын.

Қазақстанның ат спорты тарихында тұңғыш рет Еуразия лигасының финалын өткіземіз. Бүгін біз еліміздің халықаралық аренадағы болашағын бірге қалыптастырып жатырмыз. Бәсекелестік өте жоғары, сондықтан Стокгольмге берілетін жолдамалардың тағдыры соңғы сәтке дейін шешілмейді. Қазіргі таңда ат спортында тұлпардың құқығы мен денсаулығы бәрінен жоғары, кез келген даулы жағдай жылқының мүддесіне сай шешіледі, – дейді Сергей Буйкевич.

Сонымен қатар Сергей Буйкевич Қазақстанның алдағы ірі жоспарымен бөлісті. Еліміз келесі жылдың мамыр айының соңында Астанада Әлем кубогы кезеңі аясында Олимпиада ойындарына лицензия беретін арнайы квалификациялық турнир (Special Event) өткізуге өтінім берген.

Бәсекелестік өте жоғары: Олимпиадалық «С» тобына кіретін 29 мемлекеттің ішінен бұл турнирді өткізуге Чехия, Румыния, Венгрия, Ресей, Беларусь және Қазақстан өтінім беріп отыр. Ат спортының үш олимпиадалық түрі болса, соның ішінде дәл осы конкурды өткізуге бәрі таласады. 3-5 желтоқсанда Қытайда өтетін Бас ассамблеядағы талқылауға арнап сақтап отырған «құпия кілттеріміз» бар. Егер осы құқықты жеңіп алсақ, Астанаға 29 елдің ең үздік шабандозы келеді. Турнирде Олимпиадаға небәрі екі жолдама сарапқа салынса да, бұл бізге әлемдік көшбасшылармен тең дәрежеде бәсекелесіп, баға жетпес тәжірибе жинауға және Қазақстанды жоғары деңгейде танытуға мүмкіндік береді, – дейді ол.

Төрешілер алқасының президенті Әли Кучук турнирдің ұйымдастырылу деңгейіне жоғары баға беріп, шетелдік тәжірибемен қатар елдегі жанкүйерлер қолдауы мен ішкі жарыстарды дамытудың маңыздылығына тоқталды.

Әлемді аралап, барлық жүлдені жеңіп алуға болады, бірақ өз еліңде жанкүйерлердің қолдауын сезінбесең, өзіңді жалғыз сезінесің. Арқа сүйер мықты тірегі мен өз елінің қолдауы бар спортшыны ешбір жағдайда жеңу мүмкін емес. Сондай-ақ Еуропаға барсақ болды, үздік бапкер табылып, бәрі бірден шешіледі деп ойламау керек, негізгі іргетас өз елімізде қалануы тиіс, – деп атап өтті төрешілер алқасының президенті.

Ветеринарлық тексеріс қорытындысы бойынша барлық ат жарысқа жіберілді.

Жүлде қоры, қай жеңімпазға қанша көлемде сыйлық берілетіні туралы айтылмады. Бізге белгілісі, жүлделер демеушілердің қаржысы арқылы өтелетіні ғана.

Argymaq.kz

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.
jojobetcasino siteleribahis siteleribahis sitelerijojobet girişgrandpashabet girişGrandpashabetgrandpashabet girişGrandpashabetgüvenilir bahis sitelerigrandpashabetkumar sitelerigrandpashabet girişGrandpashabetkumar sitelerigrandpashabet girişgrandpashabet güncel girişgrandpashabetgiftcardmall/mygiftmarsbahismarsbahisjojobet girişbahis sitelerigrandpashabetjojobet