Мақсат Шағырбаев. Жылқы мен қазақ (ФОТО)

Елімізге танымал жас фотограф Мақсат Шағырбаевтың түсірген суреттері қазір интернет бетін шарлап жүр. Тіпті кейбірінің Мақсаттың фотосы екенін көбі біле бермейді. Мақсат өзі ОҚО Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Елімізде ұйымдастырылған барлық фотобайқауларға қатысқан. Көбінде бас жүлде, бірінші орын қатарлы алдыңғы орындардан көрініп келеді. 2015 жылдан бері Мақсат осы саламен шындап айланыса бастады.

Мақсатттың тағы бір ерекшелігі елімізде өткен барлық фотокөрмелерге қатысып келеді. Соның ішінде ең үлкені және ең ауқымдысы былтыр және биыл Нью-Йоркта өткен “Әлем Қазақстан фотографтарының көзімен” атты көлемді көрме. Ол көрмеде Мақсатпен бірге елімізге танымал әйгілі фотографтардың да еңбектері қойылды. Бұл көрмеге Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысып, тамашалады.

Мақсат өткен жылы әлемнің айтулы фотографтары қатысқан “PHOTOfest.KZ” фотографтар фестиваліне қатысты.  

“Мен үшін жылқының орны бөлек. Әсіресе көкпар десе барлығын ұмытып, сол маңнан табылуға тырысамын. Шынымды айтсам, қазір жер бетінде, қазақ елінің ортасында шалқып жүргеніміз сол жылқының арқасы деп ойлаймын. Содан да болар, қайда жылқы көрсем, барлығын суретке түсіруге асығамын. Осының барлығы айналып келгенде, қазағымыздың өнері, қазағымыздың рухы өлмесін деген ниет” – дейді фотограф.

Мысалы осы топтамадағы Көк байрақты желбіретіп, ақбоз атпен аяғы жерге тимей самғап бара жатқан көкпаршының суретін Мақсат Шағырбаев түсіргенін біреу білсе, біреу білмейді.  Сол секілді Оңтүстік Қазақстандағы ұлттық спортымыздың ерекше бір түрі «Жаппай көкпардың» фотосын Мақсаттай шебер түсірген фотограф әзірге жоқ.

Құрметті оқырман, назарларыңызға Мақсаттың фотокамерасына ілінген бірнеше сәтті кадрды ұсынып отырмыз, тамашалап, өз бағасын беріңіздер.

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>