Азия чемптонаты. 18 сәуір күні өтетін бәсекелер

WhatsApp Image 2019-04-17 at 13.24.54 (1)

Алматыда өтіп жатқан дүбірлі доданың бүгін үшінші күні басталды. Жастар арасындағы алғашқы Азия чемпионаты әуелі қан қыздырып, тақым талдырар тарлан өнер – көкпармен басталғанын бұған дейін де хабарлағанбыз.

Байрақты бәсекенің көкпар додасына Азияның жеті мемлекеті жеткіншектерін жетелеп келген екен. Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан мен Тәжікстан және Ауғанстанның жас перілері сынға түскен сайыста кім мықты екені анықталып келеді.

А тобында – Қазақстан, Өзбекстан және Ауған жігіттері бар.

Б тобында – Моңғолия, Тәжікстан және Ресей мен Қытай додапаздары түйіскен.

Бұған дейін А тобындағы Қазақстан мен Өзбекстан 13:2 болып жеңіс жерлестеріміздің еншісіне тиген еді. Сонымен қатар, Қазақстан мен ауған азаматтары арасындағы сайыс та 10:3 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілген болатын.

Бүгін А тобындағы ауғанстандық көкпаршылар мен ала шапанды ағайын көкпар көрігін қыздыратын болады.

Ал Б тобына келер болсақ, бұған дейін Моңғолия құрамасы өзінің екі қарсыласын тізе бүктірген болатын. Моңғолия-Тәжікстан – 4:2, Моңғолия-Қытай – 5:3. Сонымен қатар, Ресей мен Тәжікстан құрамалары арасындағы ойын тартыссыз-ақ ресейліктердің пайдасына шешілген, есеп – 3:0. Ал Қытай мен Ресей құрамалары арасындағы ойында қызыл тулы көршілеріміздің мерейі үстем болды. Есеп – 10:1.

Бүгін Б тобы бойынша Моңғолия мен Ресей және Қытай мен Тәжікстан құрамалары өзара мықтыны анықтайды.

Дүбірлі доданың финалы 21 сәуір күні өтеді.

Сондай-ақ, бүгін Теңге ілу бойынша епттілер анықталады.

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>