«Бұқар жырау мұрасы» салт аттылар сапары өтеді

04555

2020 жылы 11 қаңтарда рухани жаңғыр бағдарламасы аясында «Бұқар жырау мұрасы» салт аттылар сапары өтеді.

At-Travel.kz клубының қысқы маусымдағы сапарын Баянауыл ауданы әкімдігі мен Qazaq Geography қоғамы және Kazakh tourism АҚ бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Сапар аясында Бұқар жыраудың, Қаныштың әкесі Имантай Сәтбаевтың, Мұса Шорманов пен Қаныш Сәтбаевтың кесенесіне барып, құран бағыштау жоспарланған.

11 қаңтар күні Павлодар облысына қарасты Қаныш Сәтбаев (Қараши) ауылынан бастау алатын сапар 20 шақырым жердегі Бұқар жырау кесенесіне, одан кейін Балбал тастар қорымына (20 шақырым) және Павлодар облысына қарасты Теңдік ауылына (10 шақырым) барып, қайта айналып Қаныш Сәтбаев ауылында (11 шақырым) аяқталады. Салт аттылар сапарының жалпы қашықтығы – 65 шақырым.

“Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында «Атқа міну мәдениеті» жайлы «Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты» деген болатын. Тұңғыш президентіміз атап өткендей, еліміздің атқа міну мәдениетін қалыптастырып, дамыту бағытында At-Travel.kz клубының атқарып жатқан қызметі аз емес. 5 жылдан бері салт аттылар мәдениетін қалыптастырып жүрген әуесқойлар клубы, екі жылдан бері арнайы бағдарлар арқылы сапар шегіп жүр” – дейді ұйымдастырушылар.

Астананың 20 жылдығы қарсаңында Астана-Жасыбай-Қарқаралы бағытына (800 шақырым) сапар шеккен әуесқойлар, өткен жазда Астана-Баянауыл бағытына (500 шақырым) жол жүрді. Ал күзде Нұр-Сұлтан-Қорғалжың бағытан (120 шақырым) салт атпен барды.

Бұл жолдарды жүріп өтуге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Qazaq Geography және Kazakh tourism қодау білдірді.

Салт аттылар сапарына 15 адам қатысады деп жоспарланған.

«Бұқар жырау мұрасы» салт аттылар сапары барысында 12 қаңтар күні Қаныш Сәтбаев ауылында жабағы бәйгесі өтеді.

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>