Жылқыға байланысты әдет-ғұрыптар. Жылқышылар қосы

6623

7-8 жасынан баланы жылқышылардың қосына апарып тастайды. Қоста әке-шешесінен жырақта бала өзін ұстай білуге, өз бетімен күнелтуге, ең бастысы қалың жылқыны қайырып бағып, құрық салу, шалма тастау, асау ұстау сияқты шабандоздық өнердің қыр-сырларын өз көзімен көріп, шыңдалады. Қобыланды батырды әкесі Тоқтарбай жылқы қосына жіберіп, өзінің бас жылқышысы Естемеске тапсырады. Естемес шын мәнінде болашақ батырдың тұңғыш тәрбиешісі.

Жылқыда жатып Қобыланды
Екпіні оттай қаулайды.
(Қобыланды батыр)

«Балаң жасық болса, жылқы бақсын
Балаң тентек болса, қой бақсын», – деген мәтелде жасық, жуас баланы жылқы шыңдайды, өжет етеді, тіл алмайтын тентек болса, қой жынын қағып алып, жуас етеді деп, халқымыз бала тәрбиесіндегі төрт-түдік малдың рөліне ерекше мән бергенін көрнеміз. Бала тәрбиесіндегі жылқының рөлін ақын тілімен айтсақ:

Бала күннен тартып мінсең ат жалын,
Онда сенің көкірегің от-жалын.
(Т.Айбергенов)

Безимени-6Ахмет Тоқтабай, “Қазақ жылқысының тарихы)

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!