Арғымақ міңген ардақтылар

14901

Құрметті сайт оқырмандары! Келген жыл басы наурыз мерекеміз құтты болсын! Барлығымыз да жылқы десе, жүйрік ат десе ішкен асын жерге қоятын ұлттың ұрпағымыз! Алла барлықтарыңыздың отбасыларыңызға береке мен бірлік, дендеріңізге саулық берсін!Төменде ұлтымыздың маңдайына біткен мақтаныштары — қазақтың біртуар азаматтарының тақымдарына арғымақ тигендегі арқаланған сәттерінен көрініс. Жаратқан ием баршаңызға осы абзал жандардың абыройындай абырой, беделіндей бедел нәсіп етсін! Өмір бәйгесінде аттарыңыз арып, тондарыңыз тозбасын, ағайын! Наурыз құтты болсын! Ескерте кетер бір жай бұл суреттер ғаламтордан алынғандықтан басқа да айтулы тұлғалардың суреттері болары сөзсіз. Мен әзірге тапқандарымды ғана салдым. Егер қолдарыңызда мұндай суреттер болса берсеңіздер болады. Алдын ала алғыс білдіремін.

Арғымақ.кз

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті.

Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақ елінің Тұңғыш Елбасы, көпар тартуда.

Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақ елінің Тұңғыш Елбасы, көпар тартуда.

Бауыржан Момышұлы, Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.  Халық Қаһарманы (1910-1982)

Бауыржан Момышұлы, Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Халық Қаһарманы (1910-1982)

Сәкен Сейфуллин, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар Одағы негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болып Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (Премьер-Министр) қызметін атқарды. (1894-1938)

Сәкен Сейфуллин, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын және жазушы,қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан Жазушылар Одағы негізін қалаушы. Алғашқылардың бірі болып Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (Премьер-Министр) қызметін атқарды. (1894-1938)

Ілияс Жансүгіров,  ақын, қоғам қайраткері. (1894-1938)

Ілияс Жансүгіров, ақын, қоғам қайраткері. (1894-1938)

Шыңғыс Айтыматов, қазақ ұлтының өз ұлындай болып кеткен қырғыз жазушысы. (1928-2008)

Шыңғыс Айтыматов, қазақ ұлтының өз ұлындай болып кеткен қырғыз жазушысы. (1928-2008)

Әбілхан Қастеев, қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі.  Қазақстанның халық суретшісі  (1904-1973)

Әбілхан Қастеев, қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Қазақстанның халық суретшісі (1904-1973)

Сол жақта ақын Мұхтар Шаханов, оң жақтағы Е.Евтушенко.

Сол жақта ақын Мұхтар Шаханов, оң жақтағы Е.Евтушенко.

Оралхан Бөкей, Жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты. (1943-1993)

Сол жақтан үшінші Сәбит Мұқанов, оң жақтан үшінші Ақтан Бабиұлы.  1967 жылы Монголияға барған сапарынан бір белгі.

Сол жақтан үшінші Сәбит Мұқанов, оң жақтан үшінші Ақтан Бабиұлы. 1967 жылы Монголияға барған сапарынан бір белгі.

Мұстафа Өзтүрік, белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері, ҚР таеквондо (УТФ) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы. (1954-1995)

Мұстафа Өзтүрік, белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері, ҚР таеквондо (УТФ) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы. (1954-1995)

Ғафу Қайырбеков, Қазақстанның Халық жазушысы. (1928-1994)

Ғафу Қайырбеков, Қазақстанның Халық жазушысы. (1928-1994)

Құрманбек Жандарбеков, әнші, актер, режиссер, педагог, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі. (1905-1973)

Құрманбек Жандарбеков, әнші, актер, режиссер, педагог, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі. (1905-1973)

Бекболат Тілеухан, әнші, жыршы, педагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Дарын жастар сыйлығының иегері.

Бекболат Тілеухан, әнші, жыршы, педагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Дарын жастар сыйлығының иегері.

Сол жақта (жирен қасқа аттағы) Жүрсін Ерман, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының иегері, ақын. Оң жақта (қоңыртөбел атта) Аманжол Әлтай, айтыскер ақын.

Сол жақта (жирен қасқа аттағы) Жүрсін Ерман, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының иегері, ақын. Оң жақта (қоңыртөбел аттағы) Аманжол Әлтай, айтыскер ақын.

жазушы, журналист. Қазақстандағы спорт жұлдыздарының табыстарын насихаттауға еңбек сіңірді.

Сейдахмет Бердіқұлов, жазушы, журналист. Қазақстандағы спорт жұлдыздарының табыстарын насихаттауға еңбек сіңірді. (1933-1994)

Bekzat_Sattarkhanov

Бекзат Саттарханов, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері. (1980-2000)

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 
Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!