«Салкүрең аттың шабысы» — Ж.Шәкәрім

12254

Осыдан жарты ғасырға жуық уақыт бұрын шертіліп, таспаға түскен «Салкүрең аттың шабысы» күйі әйгілі күйші Тайырдың туындысы. Жарқын Шәкәрім ағамыздың айтуы бойынша бұл күй Алтай бетіне танымал болған қазақ киносының шоқтығы «Хасен-Жәмила» фильмінде ойналған екен. Жарқын ағамыздың фейзбук парақшасында жазған жазбасын толықтай ұсынамыз.
«Бұл күйді өткен ғасырдың 1960 жылы Қытай елінен, Қазақ еліне өтіп, алғаш әкелген көрнекті домбырашы, күйші Сапаржан Баяхметұлы Торсықбай. Сапаржан бұрынғы Аягөз ауданына, кәзіргі Үржар ауданына қарайтын Таскескен ауылына келіп қоныстанған соң мектебімізде домбыра үйірмесін ашты. Оқушы балаларға «Салкүрең аттың шабысы», «Ақ арал», «Маңғабыл», «Арнау», «Көктем шуағы», «Көктөбел», «Шағантоғай», «Жалқы жігіт» тәрізді және басқадай да отыздан астам күйлер үйретті. Сапаржаннан үйреніп алған күйлерімді 1964 жылы Қарағанды музыкалық училищесіне барып тартып берген едім Төлеген Тоқтаров деген училище директоры таңданып, мұндай күйлер Кеңестік Қазақстанда бұрын соңды болмағанын айтып, училищеге емтихансыз қабылдап жіберді. Оны 1968 жылы бітіріп Алматыға консерваторияға келген едім Нұрғиса Тілендиев тыңдап көріп керемет күй екен деді. Ал Болат Сарыбаев болса асатаяқпен, оның ұлы Талғат Сарыбаев шаңқобызбен сүйемелдеп Сапаржан Торсықбай үйреткен «Салкүрең аттың шабысы» күйін күйтабаққа және радиоға жаздырды. Сапаржан ағамыз бұл күйді Қытай еліндегі әйгілі Тайыр деген композитордың күйі деп айтып отырушы еді. Сондағы Болат Сарыбаев асатаяқта, оның ұлы Талғат Сарыбаев шаңқобызда және мен қосбұрау домбырада осыдан 47 жыл бұрын, 1968 жылы орындап күйтабаққа жаздырған «Салкүрең аттың шабысы» күйі осы»

Арғымақ.кз

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!