Жанарбек Ақыби. Үндестік (фото)
Ғаламторды тұтына білетін оқырмандар үшін Жанарбек Ақыбидің есімі ертеден таныс. Оның әлеуметтік желілерде, түрлі интернет ресурстары мен баспасөз беттерінде өзіндік қолтаңбасы бар жазбагер екенін байқаймыз. Жігітке жеті өнер де аз дейтін халқымыздың ұстанымын берік ұстайтын Жанарбек Алтай-Хобдаға аты мәлім — таушы (алпинист). Сронымен бірге Жәкеңнің ұлттық этнографияны жинаушылық қасиеті де жетерлік. Оның қаламынан туған түрлі тақырыптағы ұлттық болмысымызға жақын, рухани дүниемізге нәр берер әңгімелері оқырманын өзіне тартып отыратын ерекше қасиетке ие.
Ал енді Жанарбектің өзі табан тіреген аумақты суретке түсіріп, өмірінің «сәтті кадрларын» ұстай білетін шеберлігін айтпай кетудің өзі қылмыс. Оның түсірген құсбегілікке арналған суреттері ғаламтордың арқасында әлемнің барлық түкпіріне таралды.
Өз кезегінде сайтыма көрімдік ретінде жіберген жылқылардың суреттерін өздеріңізбен бөлісе отыруды жөн көрдім. Суреттердің көбі Жанарбектің Шалкөде жайлауынан түсірген туындылары.
Атына заты сай фотолар екен керемет!
Bazar jok suretter!
Жанарбек ағаның сегіз қырлы, бір сырлы екенінде дау жоқ. Ағаның фото өнерімен айналысып жүргеніне көп уақыт болған жоқ, бірақ соған қарамастан таңдамалы фотолары аз емес. Мен бірақ одан сайын фото өнеріне тереңдей қыр-сырын жетік меңгеріп, тәжірибесін ұштай түссе екен деймін. Кәсіби түсірілген фото кез-келген адамды бір қарағаннан-ақ өз кереметіне тартып ала жөнелетіні рас. Асыра мақтамайын, асыра сынамайын, бірақ аға ракурстық алуды әлі де меңгеруі керек шығар деген ойдамын
Altaimen Tianwan arasin korgendei boldim6 Jaraisin!
Suretter simai tirma tolik kore almadim.bavshe korinbeidi!
suretteriniz keremet eken
Жәке жарайсыз.Сізге қарап талай ұл еліктеп жүр.Аман жүірңіз
janarbek ahibi keremet kasibi suretshi, etnograf, jazushi, sinshi, ult jandi jilhi minezdi azamat. otken jylhy jylynda jetken tabystari da jeterlik dep oilaimyn. alide senen kop tuindylar tuad dep oilaimyn. iske sat! dosim hanatyn talmasyn!!!!
:Жақсы деу кем «өте керемет фотолар деп бағаладым.Авторға рақмет.
Керемет кадрлер, көзге оттай басылатын таныс жерлер. Рахмет! Алған бетіңнен тайма, өнеріңіз үстем болсын!
Құдырет деген осы, нағыз өз ісінің шебері екен.
zarj avw bolh uu?
керемет фоталар
керемет суреттер
[…] ашылған жылы Моңғолиядағы белгілі альпинист-жиһанкез Жанарбек Ақыбидің, қытайдағы қандастарымыздың қысқы көкпарын, […]