Дәурен Абаев: «Ұлы дала жорығы» жай ғана ат жарысы емес

2030

Бүгін сайын сахараны дүбірге бөлеп, «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі басталды.

Айтулы аламанға тастүйін жігіттер арғымақтарын елордада ерттеп, түркінің төрі Түркістанды бетке алды.

Өздеріңізге белгілі, халқымыз үшін жылқы жануарының жөні бөлек. «Түбіміз – түркі, түлігіміз – жылқы» дейтін қазақ атамыз тұлпарды ерекше қадірлеген. Бұған дейін де айтқанымыздай, қазақ даласында, нақты деректерге сүйенсек, ежелгі Ботай қонысында жылқының тұңғыш қолға үйретілгені археологиялық қазбалар арқылы дәлелденді. Бүгінде дүниежүзі Алаш баласын арғымақты алғаш ерттеген ел деп таниды — дейді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Ол «Ұлы дала жорығы» жай ғана ат жарысы емес – қазақ халқының салт-дәстүрін жаңғыртатын, рухын оятатын, Қазақстанның бай табиғаты мен тарихын зерделейтін, жаңа туристік маршруттарды қалыптастыратын тың жоба екенін айтты.

Жігіттеріміз жігерін сынайтын, қазанаттарымыз қажыр-күшін көрсететін марафон-бәйгеге барлығыңызды жанкүйер болуға шақырамын. Бейнелеп айтсақ, арғымақтарын ауыздықтап, алыс сапарды бетке алған азаматтар тұлпар тұяғымен жаңа тарихты жазады. Бұл – намыстың додасы, төзім мен жігер, қайрат пен мінез сынға түсетін аламан! — дейді министр.

Марафон-бәйге туралы алғаш хабарлағанымызда 1200 шақырымға төзіп беретін тақым, төтеп беретін тұлпар жоқ деген пікірлер айтылды дейді министр.

Бірақ, батыр бабаларымыз анау Алтайдан сонау Анадолыға дейінгі аралықты ат үстінде жүріп жаулады. Бүгін тақымдарында тұлпарлары тулаған мықты жігіттер сол баһадүр бабалардың даңқты мұрагерлері ретінде осы додада атқа қонды! Әрине, алыс қашықтықты он екі күнде өту – оңай сапар емес. Жігіттерге мықты денсаулық, ең бастысы амандық тілейміз! Азаматтардың айбары, қазанаттардың қайраты қайтпасын! Арғымақтар алқынбай, шын мықтылар жеңіс тұғырынан көрінсін! Алға, Қазақстан! — деді марафонның ашылу салтанатында Дәурен Абаев.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!