Төрегелді Шарманов бие сүтінің пайдасы туралы айтты
Әйгілі академик Төрегелді Шарманов бие сүтінің адам ағзасына пайдасы туралы айтты.
Бие сүті асты жеңіл қорытады. Ал баршаға аян, дүниежүзінде тамақ негізінен сиырдың еті мен сүтінен жасалады. Сиыр майының құрамындағы қаныққан май қышқылы – өндірістік жолмен дайындалатын трансизомерлер өте қауіпті, қанның құрамын тез өзгертіп жіберетін улы зат. Әсіресе, сиырдың сүтінде көп мөлшерде кездеседі. Ол денсаулыққа зиянды — дейді академик.
Сонымен қатар ол бие сүтіндегі май қанықпағанын, трансизомер жоқ екенін айтты.
Ол қазіргі заманда адам денсаулығына өте ерекше пайдалы қасиет. Жалпы алғанда, бие сүтінің қасиеті мен құрамы осы уақытқа дейін өзінің лайықты бағасын алмай келеді. Бүгінге дейін бие сүті тек қымыз, саумал ретінде пайдаланылуда. Оның құрамы көптеген сирек кездесетін химиялық элементтерге, дәрумендерге, минералдық заттектер мен ферменттерге бай және олардың айрықша физиологиялық бірігуімен берілген. Пайдалы элементтердің осындай ерекше бірігуі табиғатта басқа жануарлардың сүтінде кездеспейтін, тек бие сүтіне ғана тән құбылыс — деді Төрегелді Шарманов.
Бие сүтінде анықталған бромның мөлшері оны ұйқысыздық, депрессия секілді жүйке жүйесі ауруларын кешенді емдеу құрамында тиімді қолдануға болады.
Бие сүтінің тағы бір ерекшелігі, ол қайнатуға келмейді, оған стерилизация, пастерилизация жасауға болмайды. Ал басқа жануарлардың сүттерін, мысалы, сиыр, ешкі, қой сүттерін міндетті түрде қайнату, пастерилизациялау қажет. Бие сүтінде керемет гамма линолен деген қышқыл бар. Бұл керемет дүние, оның құрамы «омега-6-дан» тұрады. Ол атеросклерозға, бактериялар мен вирустарға қарсы әрекет етуіне байланысты жұқпалы аурулардан қорғайды, ағза үшін иммунитетті арттыратын қорғаныстық қасиеттері басым — дейді академик.
Argymaq.kz
[…] саумалға қатысты бұған дейін де айтқан ойын мына жерден оқуға […]
Тамаша, емге дәрі, жанға қуат дәрі қымыз!!!