Иппотерапия деген не және оны кімдер қолданады?

2786

Жылқы терапиясына қатысты зерттеулер шектеулі болғанымен, ғылыми дәлелдер оның психикалық немесе физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесуі мүмкін екенін көрсетеді.

Жылқы терапиясы – әртүрлі психикалық, физиологиялық ауытқушылықтарға арналған тәжірибелік емдеудің танымал түрі.

Иппотерапия негізінен психо-физиологиялық мамандардың бақылауымен, жылқымен әрекеттесу арқылы қалпына келтіруді жүзеге асыруда дәстүрлі емдеуді толықтыра алады. Жылқымен әрекеттесу деген жыллқыны жемдеуден, күтім жасаудан және басқа да байланыстан басқа, атқа мінуді немесе атпен серуендеуді қамтуы мүмкін.

Жылқы терапиясының тиімділігі туралы зерттеулер шектеулі болғанымен, ғылыми дәлелдер көптеген адамның жылқы терапиясы арқылы сауығып шығатынын көрсетеді.

Жануарларды зерттеушілер жылқылардың, мысалы, иттер, дельфиндер және басқа да тіршілік иелері – адамдарға, олардың эмоцияларына жақсы бейімделетінін байқаған.

Жылқы терапиясы туралы не білетінімізді, оның кімге пайдалы екенін, қалай жұмыс істейтінін сараптап көрейік.

Жылқы терапиясының түрлері

Адамдарға жеке күтім көрсету үшін, сана-сезімін, дене-қозғалысын қалыпқа келтіретін жылқы терапиясының бірнеше түрі бар. Ең көп таралған формаларының кейбірін атап өтсек:

Жылқының көмегімен психотерапия жасау немесе «адам-жануар»: Бұл формада атпен жүруге де болады немесе «адам-жануар» қарым-қатынасы арқылы балалар мен ересектерді сауықтыру ортасын құру үшін жұмыс істейді.

Иппотерапия: Бұл форма көбінде интеллектуалдық немесе физикалық кемістігі бар, санасы жарақаттанған адамдарға ұсынылады. Кәсіби терапевт пен атшы сырқатты атқа немесе пониге мінгізу арқылы емдейді. Маңыздысы – аталған екі маманның да бірлесе жұмыс істеуі.

Терапиялық атпен жүру немесе «арбакеш»: Бұл формада науқас терапевт пен атшының бақылауымен арбаға мінеді, делбені өзі ұстауға әрекет жасайды.

Интерактивті қойма: Бұл серуендеу және ат үстінде гимнастика сияқты жаттығулардың басқа түрлерін үйренуді қамтитын атпен емдеудің белсенді және күрделі түрі. Жаттықтырушы мен ат ұстағышы сеанс кезінде қауіпсіздік пен бағытты қамтамасыз етеді.

Жылқы терапиясының бастауы

Жылқы терапиясы 2000 жылдан астам уақыт бұрын Ежелгі Грецияда пайда болған. Грек дәрігері Гиппократ – «заманауи медицинаның әкесі» ретінде белгілі – жаттығудың емдік түрі ретінде жылқымен емдеу туралы жазды.

Даниялық шабандоз (ат спорты) Лис Хартель 1952 жылғы Хельсинки Олимпиадасында күміс алған кезде заманауи жылқы терапиясы ерекше назар аударды. Сол кезде шабандоз Хартель ат үстінде тұрып, өзінің полиомиелиттен қалай айыққаны туралы тарихымен бөлісті.

Жылқы терапиясы дәлелді тәжірибе ме?

Жылқы терапиясын қолдайтын көптеген ғылыми дәлелдер жоқ және бар зерттеулер оның әсерлерінің толық спектрін түсіну үшін үздіксіз зерттеулер қажет екенін мойындайды, әсіресе иппотерапия.

Дегенмен, зерттеулер жылқы терапиясы мен психо-физиологиялық денсаулықтан, мүгедектік пен жан жарасын емдеу арасындағы кейбір байланыстың тиімділігін көрсетеді.

Жылқы терапиясының артықшылығына қатысты бірнеше мысалды айтуға болады:

Егде жастағы адамдарға пайдасы: Зерттеушілер когнитивті немесе функционалдық бұзылыстары бар егде жастағыларды жылқы көмегімен психотерапиямен емдеу арқылы оның артықшылықтарын бақылаған. Олардың айтуынша, жылқы терапиясын қабылдағандардың көпшілігі жылқылармен байланысынан бөлек, табысы арта бастағаны туралы хабарлаған. Бұл адамдардың әлеуметтік мүмкіндігінің артуы мен замандастарының оң ықпалын көрсетеді.

Ардагерлерге пайдасы: Зерттеушілер жан жарасы бар, күйзеліс пен мазасыздықты бастан кешкен ардагерлер жылқы терапиясына қатысқан кезде физикалық стресс белгілерін аз көрсеткенін анықтаған.

Жасөспірімдерге пайдасы: 2011 жылы өзіне немесе басқаларға зиян келтіру мүмкін делінген 7 жасөспірім жылқы терапиясымен айналыса бастайды. Жүргізілген зерттеу барысында олар мінезінің тұрақталғанын, қылмыс жасау, өз-өзіне зиян келтіру және басқа да мәселелерде қауіпті азайтуға жақсы әсер еткенін айтқан. Жасөспірімдер жылқы терапиясы эмпатияға, сенімділікке, өзін-өзі бағалауға, шеберлікке, өзін-өзі басқаруға ықпал еткенін жеткізген.

Психикалық денсаулыққа пайдасы: Жылқы терапиясы кейбір аутист адамдар үшін де пайдалы болуы мүмкін. 2018 жылғы зерттеу мінез-құлық пен әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларына пайдалы әсері болғанын көрсеткен.

Эмоциялық денсаулыққа пайдасы: Тұйық адамдар үшін жылқымен жұмыс істеу – сенімділік ұялатуымен қатар ем қабылдау үшін ыңғайлы ортаны қамтамасыз етуі мүмкін.

Ағзаға пайдасы: Атқа мінудің көптеген физикалық артықшылығы бар. Соның ішінде жүрек-қан тамырларының жұмысы жақсарып, қан қысымының төмендеуі, стресстің азаюына жақсы әсер етеді.

Тірек жүйесіне пайдасы: Церебральды сал ауруы немесе басқа неврологиялық аурулары бар адамдарға арналған терапия ретінде атқа міну ұсынылып келді. Бұл адамдарға тепе-теңдікті және жалпы тірек жүйесін нығайтуға көмектесуі мүмкін. Дегенмен зерттеу қорытындысы нақты ғылыми дәлел емес екенін де естен шығармаған дұрыс.

Жылқы терапиясы кімге тиімді?

Кез келген жастағы адамдар жылқымен емдеуде белгілі бір нәтижеге қол жеткізетіні анық. Әсіресе:

  • Балалар;
  • Ардагерлер;
  • зорлық-зомбылық құрбандары немесе апаттан аман қалғандар;
  • физикалық немесе психикалық жарақат алған немесе жан жарасынан кейінгі стрессі бар адамдар;
  • церебральды сал ауруы сияқты физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар;
  • нейродивергентті адамдар;
  • тұлғалық бұзылыстары немесе ақыл-ойы бұзылған адамдар;
  • мазасыздық немесе депрессия сияқты психикалық денсаулығы осал адамдар;
  • асқазанында ақауы бар немесе уланудан кейін қалпына келген адамдар;
  • оқуда қиындықтары немесе ақауы бар адамдар;

Жылқы терапиясы мазасыздықпен ауыратын адамдарға да жақсы көмектесетінін есте сақтаңыз.

Жылқы терапиясы қалай жүзеге асады?

Жылқы терапевттері арасындағы ортақ мәселе – кеңседегі қалыпты терапия сеансы сияқты сезінбеу.

Жылқы терапиясы – терапияға бейімделген (үйретілген) аттар мен кәсіби жылқы терапевттің басшылығымен адамдар өздерінің психикалық немесе физикалық денсаулығын өз бақылауына алып, зерттей алатын ыңғайлы кеңістік. Әрине, ол әдеттегі кеңседе өтетін терапиялық сеанс сияқты болмасы анық.

Тіпті сеанс уақыты да әртүрлі болуы мүмкін, бірақ көпшілігі бір сағатқа жуық болады. Жылқы терапиясының сеансындағы нақты әрекеттер жасыңызға және нақты қажеттіліктеріңізге байланысты.

Мысалы:

Атқа қатысты бірақ мінбей-ақ жасалатын әрекеттер:

— тактильді әдістерді үйрену (еркелету немесе тәтті беру);

— азықтандыру, күтіп-баптау;

— ат әбзелдерін тазалау, күтімге алу (ер-тоқым және басқа да жабдықтар);

— атты жетелеп жүрі;

Атшының көмегімен жасалатын әрекеттер:

— терапевт пен атшының көмегімен сарайда немесе үлкенірек жабық аренада жүру;

— шағын арбаға немесе күймеге міну немесе жүргізуге көмектесу;

— соқпақпен жүру немесе табиғатта серуендеу;

— жылқының әр түрлі жүрісімен қозғалуға үйрету;

— ат үстінде ойын ойнау және тірек қимылдарын жақсарту;

Өз бетінше атпен жүру әрекеттері:

— терапевттің немесе атшының көмегінсіз атқа мінуді үйрену;

— атарбаны өз бетімен жүргізуді үйрену;

— жабық ареналарда, үлкен алаңдарда немесе табиғат аясында жүру;

— жылқы терапиясы барысында топтық серуендерге қатысу;

— секіруді үйрену немесе конкур сияқты басқа ат ойындарын меңгеру;

— ат үстінде еркін отыруды, түрлі қимыл-қозғалыс жасауды, ат спортының алғашқы белгілерін меңгеруді үйрену;

— әр түрлі жеңіл жарыстарға қатысу;

Жылқы терапиясына қатысты негізгі сұрақтар

— Жылқы терапиясы балалар үшін қауіпті ме?

— Жоқ. Бұл иппотерапияға пайдаланылатын аттар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жылдар бойы дайындықтан өтеді. Жануарлармен жұмыс істеу әрқашан қауіпті болғанына қарамастан, аттар аккредиттеліп, дұрыс сақтандырылған терапия бағдарламасына және дулыға сияқты тиісті қорғаныс құралдарын кию арқылы қауіпті азайтуға болады.

— Жылқы терапиясы қанша тұрады?

— Жылқы терапиясының құны аймаққа және ұсынылатын қызметтерге байланысты өзгереді. Жоғарыда айтқанымыздай, иппотерапия кемінде бір сағат уақыт алатындықтан, құны да сол сағатқа қарай есептеледі. Еліміздің әр өңірінде жылқы терапиясының құны әр түрлі. Мысалы Астанада 30 минуты 6000 теңгеден басталады. Әрине топтық топтық терапия арзанырақ. Сонымен қатар, еліміз бойынша Өскеменде, Ақтөбеде, Оралда, Шымкентте, Алматыда жылқымен емдеу орталықтары бар.

— Жылқы терапиясы сақтандырумен қамтыла ма?

— Жылқы терапиясының көпшілігі сақтандыруға жатпайды. Дегенмен, иппотерапияны кейбір сақтандыру компаниялары қамтуы мүмкін, өйткені ол медициналық ем ретінде қарастырылады.

— Иппотерапиямен емделгісі келетін адам нені білуі керек?

— Жылқымен емдеу орталықтарына барғанда төмендегідей сұрақтарды қоюды ұмытпаңыз:

— Сіздің терапевтеріңіздің біліктілігі қандай?

— Қызметкерлеріңіз алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренді ме?

— Сеанс кезінде науқастың қасында қандай мамандар болады?

— Ем қабылдамас бұрын аттарды көре аламын ба?

— Иппотерапия қабылдау үшін дәрігердің жолдамасы керек пе?

— Егер сіз қазір терапевтке қаралып жүрсеңіз, олар жергілікті орталықтарды ұсына алады. Яғни иппотерапия қабылдау үшін дәрігермен кеңесіңіз.

Интернеттен аударылды

Argymaq.kz

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.