Еуропаны бағындырған мергендер

838

Ат үстінде садақ атудан (жамбы ату – ред.) Венгрияның Помаз қаласында Әлем кубогі аяқталды. Құралайды көзге атқан мергендер додасына Еуропаның 20-ға жуық елінен 100-ге жуық спортшы қатысты.

Жамбы атудан Қазақстан республикасының ұлттық құрамасы жалпы есепте І орынды алды. Аталған халықаралық додаға Ералхан Айкөз, Бақдәулет Бабажан, Батыр Бексауыт, Мадияр Шәріпбаев сынды мергендерді бас бапкер Елдос Бадашев бастап барған болатын.

Ат үстінде садақ ату өнері жоғары дәрежеде дамыған Германия, Франция, Финляндия, Италия, Португалия, Венгрия елдерінің мергендерін таң қалдырған біздің «кентавр» мергендер үздіктер қатарына қосылды.

«Корей» стилі бойынша (ат үстінде садақ атуда ең қиын стиль түрі) түркістандық қос мерген Ералхан Айкөз алтын, Батыр Бексауыт күміс медаль алды. Ал, «аңшылық трек» нысанасы бойынша Мадияр Шәріпбаев (Жамбыл облысы) күміс жүлдені еншіледі.

Жамбы атудан ҚР ұлттық құрамасының Әлем кубогінде өнер көрсетуіне ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР ұлттық спорт қауымдастығы, ҚР жамбы ату федерациясы ұйытқы болды. Федерацияның бас серіктесі «Alageum» компаниясы спортшыларға демеушілік жасады.

Сонымен қатар, Әлем кубогі барысында ҚР жамбы ату федерациясының өкілдері Ат үстінде садақ атудың халықаралық Альянсына мүшелікке еніп, бірнеше халықыралық ұйыммен меморандумға қол қойды.

Алдағы уақытта ат үстінде садақ ататын мергендеріміз халықаралық стандарттан бойынша дайындық жасап, өз елімізде өндірілген садақ пен оқты ғана қолданатын болады!

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.