“Ұлы дала жорығы”: Марафон фавориті жарыстан шығып қалды

2834

Маңғыстау облысының командасы чемпиондық атағын неге қорғап қала алмады? Маңғыстау облысы “Көкмойнақ” командасы жорықты жалғастырудан өз еркімен бас тартты.

17 қыркүйекте “Ұлы дала жорығы” марафон-бәйгесінің 12-кезеңі Қызылорда облысы Шиелі ауданында өтіп жатыр. Таңғы сағат 7:00-ден 8 команда кезекті 100 шақырымды бағындыруға аттанды. Маңғыстау облысы командасы аттарының шаршап қалуына байланысты старт сызығына келмеді.

Бұған дейін, 11-кезеңде Маңғыстау облысының команда капитаны жарыстан шығып қалып, «Көкмойнақта» 3 ат қалғанын хабарлаған едік. 11 кезең бойы үздік болып келген маңғыстаулықтар тәуекелге бармай, аттарын зорықтырмай, келесі жылғы марафон-бәйгеге тыңғылықты дайындалуды жөн санағанын жеткізді.

11 кезең нәтижесі бойынша, Маңғыстау облысының «Көкмойнақ» командасы 18 команданы шаңына да ілестірмей келген. 1050 шақырымды артта қалдырып, финишқа 250-ақ шақырым қалғанда мұндай шешімге келуі — күтпеген жағдай болды. Аттары жорықты жалғастыруға жарап тұрса да, жорықты тоқтатуы — атақ-абырой, жеңіс пен жүлдеден аттарының амандығын алдыңғы орынға қоятынын сездірді.

Бүгінде экс-чемпиондардың орнын Қостанай облысының командасы басты.

Енді Адай жылқысының абыройы 1300 шақырымды 1 атпен бағындыруды мақсат еткен «Рекорд» командасындағы маңғыстаулық шабандоздың мойнында.

Бұдан бөлек тағы 4 шабандоз белгіленген межені еңсеруге жалғыз жорытып барады. Астана қаласы, Маңғыстау, Жетісу, Қостанай облыстарының шабандоздары 650 шақырымды жүріп өткен тұлпарларымен  Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды еңсеруді мақсат еткен. Бұл төрттікке төрешілер «Рекорд» деген атау беріп, арнайы жеке команда ретінде тіркеп, нәтижелерін күнделікті белгілеп отыр.

«Рекорд» командасының жігіттері діттеген мақсатына жетсе,  келесі жылғы Жорыққа Гиннес рекордтар кітабының өкілдерін шақырту жоспарда бар. 1300 шақырымды 1 атпен аз уақытта бағындырған азаматтар мен қазанаттардың нәтижесі рекордтар кітабына бұрын соңды болмаған рекорд ретінде енгізуге сұранып тұр.

Айта кетейік, алда 3 кезең, яғни 250 шақырым қалды.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.