«Ұлы дала жорығы»: Маңғыстау облысының шабандозы рекорд орнатты

2303

«Рекорд» командасындағы 21 жастағы Мағжан Абдолұлы 1300 шақырымның соңғы 50 шақырымын бағындыруға таңғы сағат 7:10-да аттанып, Түркістандағы мәре сызығын 08 сағат 44 минут 09 секундта бірінші болып кесті.

Астанадан Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды бастан-аяқ 1 атпен еңсеруді мақсат еткен «Рекорд» командасының құрамы Астана қаласы, Маңғыстау мен Жетісу облыстарының шабандоздарынан құралған.

Қазақ жылқысының атын Гиннес рекордтар кітабына енгізуді көздеген азаматтарға төрешілер шешімімен қомақты жүлде беріледі.

1-орынға – 2,5 миллион теңге, 2-орынға – 2 миллион теңге, 3-орынға – 1,5 миллион теңге жүлде бар.

Айта кетейік, «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесінің бас серіктесі – «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры болса, республикалық «JORYQ» ат спорты федерациясының, Туризм және спорт министрлігінің, «Аманат» партиясының және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен өтіп жатыр.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.