«ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ»: Жетісу командасы жеңімпаз (ФОТО)

2225

Бүгін 1300 шақырымдық марафон-бәйгенің жеңімпаздары анықталды.

4 команда 19 қыркүйекте таңғы сағат 7:00-ден бастап соңғы межені еңсеруге аттанды.

Ақтөбе, Алматы қаласы және Жетісу облысы мен Абай облысының командалары соңғы сәтте мықтыны анықтады.

Сонымен марафонның соңғы 50 шақырымын Жетісу облысының командасы бірінші болып жүріп өтті. Екінші болып Ақтөбе облысының командасы жетті.

Естеріңізде болса, Жетісу командасы өткен жылы екінші орын болып, Маңғыстаудың «Көкмойнағына» есе жіберген болатын.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі «Түркістан-арена» стадионында кешкі сағат 18:30-ға жоспарланған.

Айта кетейік, «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесінің бас серіктесі – «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры болса, республикалық «JORYQ» ат спорты федерациясының, Туризм және спорт министрлігінің, «Аманат» партиясының және Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен өтіп жатыр.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!