Сау болғың келсе, саумал іш

1527

Қымыз бен шұбат, саумал сынды ұлтымыздың ұлттық сусындары аурудан айығу кезеңін жылдамдатады.

Сондықтан ол науқастарға жиі ұсынылады. Бұл туралы Алматыда өткен халықаралық гастроэнтерологтардың конференциясында айтылды.

Табиғи сусындардың емдік қасиеті бұрыннан белгілі. Бүгінде зерттеліп, пайдасы дәлелденген. Асқазан-ішек аурулары – адамдар арасында көп кездесетін сырқаттың бірі. Оны химиялық жолмен емдеген кезде жанама әсерлері пайда болады. Сондықтан дәрігерлер емнің пайдасын арттырып, жанама әсерін азайту мақсатында ұлттық өнімдерді жиі ұсына бастаған.

Саумалымызды, қымызымызды, шұбатты осы емдік протоколдарға енгізетін болсақ, онда оның нәтижесі бірнеше есе артар еді. Өмірді ұзартатын сусын. Оны кезінде Нобель сыйлығының лауреаты осы гастроэнтерологияның негізін қалаған Илья Мечников айтып кеткен болатын — дейді ҚР Президентінің Іс басқармасы медициналық орталық ауруханасының бас гастроэнтерологы Бақытжан Биімбетов.

Емдік көмегі орасан сусындар бүгінде заманауи технологиямен өңделеді. Оның пайдасы туралы профессор Абай Жаңғабыловтан бастап, отандық және шет елдік ғалымдар ғылыми еңбектерінде жиі жазып келеді. Ендігі мақсат – емдік хаттамаға енгізу.

Абай Жаңғабыловтың еңбектері өте бағалы. Мысалы, антихеликобактерлік емді оңтайландыру сынды жұмыстарын айта кетуге болады. Бұл бүгінгі медицинадағы басты проблемалардың бірі. Себебі хеликобактер пилори антибиотиктерге төзімді болып барады. Табиғи өнім соның шешімі болар еді — дейді Қазақстан-Ресей медициналық университетінің кафедра меңгерушісі Карамят Зординова.

Үш жыл бұрыңғы пандемия кезінде дәрігерлер саумалдың пайдасын айтып, кеңес берген болатын. Бірқатары саумалдың арқасында жұқпалы дерттен құлан таза айықты. Ұлттық сусындар бүгінде асқазан-ішек аурулары және педиатриялық дертке шипа. Қатерлі ісіктің алдын алады. Саумал, қымыз бен шұбаттың тағы қандай ауруларға пайдалы екені әлі толық зерттелген жоқ.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.