Мұғалжар тұқымының 25 жылдығына орай жиын өтеді

1842

Өнімді және әмбебап бағытындағы жылқы тұқымдарының республикалық палатасы «Мұғалжар жылқы тұқымына 25 жыл» республикалық семинарын өткізеді.

Аталған іс-шара Қазақстанның табын жылқы шаруашылығының брендіне айналған отандық жылқы тұқымын дәріптеу, оның авторларын құрметтеу және Мұғалжар тұқымын одан әрі жетілдіру бойынша шаралар әзірлеу мақсатында өткізіледі – дейді ұйымдастырушылар.

«Мұғалжар жылқы тұқымына 25 жыл» республикалық семинары 2023 жылдың 01 қазанында Ақтөбе уақыты бойынша сағат 10-00-де басталады.

Семинар Ақтөбе қаласы, Беккүл баба ауылы, «Көк жайлау» Агротуристік кешенінде өтеді.

Жиынға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Палата Кеңесінің Құрметті Төрағасы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көшім және мұғалжар тұқымдарының авторы, ауыл-ш. ғ. кандидаты Серікбай Рзабаев және басқа да жылқытанушы ғалымдар, жылқы шаруашылығының өкілдері қатысады деп жоспарланған.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.