Мейрамбек Бесбаевтың көкпары өтті (ФОТО)

Бүгін Тараз қаласының іргесіндегі Амангелді атшабарында еліміздің сүйікті ұлы, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мейрамбек Бесбаевтың бата көкпары өтті.
Бас-аяғы бару-келуімен 28 салым салынған дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 25 млн теңге.
Ол қаржыны неге қайырымдылыққа жұмсамайды деп алдын-ала сөкпеңіздер. Қайрымдылықты көкпарға дейін де жасап келем, көкпардан кейін де жасала береді. Ал несібесі мен еңбегі көкпарға байланған азаматтарды менің де елеуім заңдылық шығар. Сол үшін сіздердің рұхсат-мұрсаттарыңызбен тәуекел еттім – дейді әнші.
Сонымен 28 салымды кімдер салды, салым сомасы қанша, соған келейік:
1-салым:
Баруы – Құрманбек Тұрғанбек (1 млн теңге)
Қайтуы – Нұрдәулет Момынов (1 млн теңге)
2-салым:
Баруы – Қаршыға (300 мың теңге)
Қайтуы – Абылай Қарқабат (300 мың теңге)
3-салым:
Баруы – Айнабек Жауғашты (300 мың теңге)
Қайтуы – Құрманбек Тұрғанбек (300 мың теңге)
4-салым:
Баруы – Асланбек (300 мың теңге)
Қайтуы – Әділет Мамыт (300 мың теңге)
5-салым:
Баруы – Құрманбек Тұрғанбек (300 мың теңге)
Қайтуы – Есжан (300 мың теңге)
6-салым:
Баруы – Рәт Ислам (300 мың теңге)
Қайтуы – Ұлан (300 мың теңге)
7-салым:
Баруы – Құрманбек Тұрғанбек (300 мың теңге)
Қайтуы – Айбол Айтбек (300 мың теңге)
8-салым:
Баруы – Бақытбек Қазығұрт (300 мың теңге)
Қайтуы – Құрманбек Тұрғанбек (300 мың теңге)
9-салым:
Баруы – Датқа (600 мың теңге)
Қайтуы – Сәбден (600 мың теңге)
10-салым:
Баруы – Ынтымақ (600 мың теңге)
Қайтуы – Жаманғали (600 мың теңге)
11-салым:
Баруы – Құрманбек Тұрғанбек (500 мың теңге)
Қайтуы – Ернат (500 мың теңге)
12-салым:
Баруы – Ерсайын (500 мың теңге)
Қайтуы – Ынтымақ (500 мың теңге)
13-салым:
Баруы – Рәт Ислам (300 мың теңге)
Қайтуы – Айтан Дәулет (300 мың теңге)
14-салым:
Баруы – Асланбек (600 мың теңге)
Қайтуы – Ынтымақ (600 мың теңге).
Өгіз өлдіге тігілген, яғни 15-салымның бару-қайту екі тартысы ойнатылған жоқ. Себебі уақыт тым кеш болып, қараңғы түсіп кеткендіктен, аттың да, адамның да қауіпсіздігі ескерілді. Оның әрбіріне екі-екі миллионнан 4 миллион теңге тігілген болатын.
Қазақтың біртуар ұлы Мейрамбек Бесбаевқа берген бата-көкпары қабыл болып, Алла тілегіне жеткізсін дейміз.
Естеріңізде болса, бұл көпардың өтетіні жайлы бұған дейін де хабарлағанбыз.
Argymaq.kz
Фото авторы: Алтынбек Қартабай