25 млн теңге. Мейрамбек Бесбаев арнайы көкпар береді

3362

Белгілі әнші, қазақтың біртуар азаматы Мейрамбек Беспаев биыл күзде Таразда жаппай көкпар береді.

Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қадірлі ардақты ағайын! Ат – ер қанаты. «Атқа қонған палуанның ықыласын, елдің тілеуін тілеген ел-жұрт үлкендердің батасын қашан аласың? Мейрамбектің көкпарын қашан тартамыз?» Бұл – соңғы кезде ауылға, туған өлкеге барғанда алдымнан көп шығатын сауал. Алғашында бос мақтан үшін деп ел сөгер, жұрт босқа мал шашып жатыр деп айтар… Осындай көп күмәнмен келіспей жүр едім. Көкпар көптікі ғой деген тілеулес дос-жар бір шешімге келтіріп, салым дейтін олжа қорын өздері көтеріп отыр – дейді Мейрамбек Бесбаев.

Оның сөзіне қарағанда, «салым қоры – 25 миллион теңге».

Оданша ол қаржыны неге қайырымдылыққа жұмсамайды деп алдын-ала сөкпеңіздер. Қайрымдылықты көкпарға дейін де жасап келем, көкпардан кейін де жасала береді. Ал несібесі мен еңбегі көкпарға байланған азаматтарды менің де елеуім заңдылық шығар. Сол үшін сіздердің рұхсат-мұрсаттарыңызбен тәуекел еттім – дейді әнші.

Ол жаппай көкпардың өтетін уақытын да белгілеп қойғанын айтты.

Ұлттық дәстүріміз бен спортымызға қосқан тамшыдай үлесімді қабыл алыңыздар. Алла қаласа 2023 жылы 17 қарашада Тараз қаласында… төрт көзіңізді түгел күтем. Ел іргесі аман болсын!!! – деп жазды ол өзінің инстаграмдағы парақшасында.

Argymaq.kz

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!